Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

ЭКСПО-ға келген шетелдік әртістерге қанша гонорар төлейтінін білесіз бе?

188

Әншілердің алатын ақшасы іс-шараның ауқымы мен оның қай елде өтетініне байланысты.

Мумий Троль және Би-2 тобы

20 жыл сәтті шығармашылық еңбегінен соң, бұл топтар пост кеңестік елдерде танымал. Сол себепті бәстері де жоғары. Би-2 тобының бағасы 50 000 (17 333 545 теңге), ал Мумий Тролль 65000 ( 22 533 638 теңгеден) сұрайды.

Егор Крид және Полина Гагарина

Ресейлік Джастин Бибер, Блэк Стар тобының мүшесі осы жолы өзінің Блэк Стардағы сақалды әріптестерімен емес, Евровидение финалисі Полина Гагаринамен ән шырқайды. Егордың атағы ұрып тұр, оның бағасы 42 000  (14 560 178 теңгеден) жоғары. Ал Полина Гагарина 28 000 ғана сұрайды (9 706 785 теңге). Айта кетейік, Евровидениеге дейін Полинаның гонорары небәрі 9000  болатын.

Black Star Party

Тиматидың басшылығымен Блэк Стар тобының барлық мүшелері Астанада өнер көрсетпек. Бірақ, әр топ мүшелері әртүрлі ақша сұрап отыр. Мәселен, Мот 25 000€ (8 666 772 теңге), Кристина Си 8 000 € (2 773 367 теңге), L’One 20 000 € (6 933 418 теңге), ал Тимати 60 000 € (20 800 255 теңге).

Limp Bizkit


Фред Дерст пен оның тобы Қазақстанда бұған дейін де болған. Бірақ олар бағасы ең жоғары топ болып отыр. Топ мүшелері қажетті асай-мүсейін толықтай өздерімен алып келмек. Қорыта келгенде, топтың бір өнер көрсетуі 260 000 € (90 134 438 теңгеден) басталады.

Eros Ramazzotti


Өзінің 25 жылдық шығармашылық өмірінде италияндық әнші және композитор Эрос 100 миллион көшірмесі сатылған 11 альбомды жарыққа шығарды. Эрос Рамаццоттидің қаламақысы 550 000 € (190 669 005 теңгеден) басталады.
Ия, Экспо-2017 ұйымдастырушылары ақшаны шашып жатыр. Енді бұл әншілер бізді қуантып, шашылған ақша ақталса екен деп тілейміз.

Бәтес Ерболат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз