Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“ЭКСПО-2017” басшысының орынбасары 8 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

“Ермегияев, Омаров, Баркинхоев, Давлетбаева, Ибадильдина, Матайбеков, Медеуов, Син, Пягай, Туматаев, Адамбаевтарға қатысты Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың 9 маусымындағы үкімін өзгертуді сұраймын. Әлішер Пірметов ҚР Қылмыстық кодексінің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» жөніндегі 189-бабының 4 бөлігінің 2-ші пункты бойынша бас бостандығынан 8 жылға айырылып, мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылсын. Жазасын жалпы тәртіптегі түзеу колониясында өтеу белгіленсін. ҚР Президентіне Пірметовты «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ұсыныс енгізілсін»,- деді прокурор».

Бұған дейін прокуратура Пірметовқа қатысты сот үкіміне келіспеушілік білдіріп, оның ҚР ҚК-нің «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу» жөніндегі 189-бабының 4 бөлігінің 2-ші пункты бойынша бес жылға бас бостандығы шектелгеніне қарамастан, ұлттық компания басшысының бірінші орынбасары лауазымындағы қызмет еткені жөнінде түсінік берді.  

Негізгі сот талқылауы барысында Пірметов кінәсін мойындамағандар қатарында болған. Қаралған істің испандық «J&G CONSULTORIA DE FERIAS S.L. Kazakhstan» ЖШС-не қатысты  бесінші оқиғасы жөніндегі тергеудің пайымы бойынша, Әлішер Пірметов басқа сотталушылардың бірқатарымен қылмыстық келісімге келіп, 1,757 миллиард тенге сомасындағы ұрлық жасаған.  

 Бұған дейін мәлімденгендей, апелляциялық процесс барысында қорғаушы адвокаттардың бірі іс бойынша бұрынғы ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен ұрлық жасалған кезде ҚР премьер-министрінің орынбасары лауазымын атқарған Қайрат Келімбетовтың сотта тағы да жауап беруін талап еткен.

 Сот шешімі Талғат Ермегияевты 4,2 миллиард теңге сомасында пара алғандығына айыпты санап, 14 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеуге кескен болатын. Болжам бойынша, ұрланған мүліктің жалпы сомасы 10,2 миллиард теңгені құраған. Басқа 11 сотталған азаматтың жазалары айыппұлдар, шартты және нақты бас бостандығынан айыру мерзімдерімен белгіленді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз