Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
6
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Экономист: доллар 450 теңге, одан да жоғары болуы мүмкін

258
Сурет: abctv.kz

Жаңа экономикалық жағдай

«Жарайсың Досаев! Доллар 450-ге дейін, одан жоғарыға да көтерілуі мүмкін. Ұлттық банк жаһандық экономиканың дамуының бәсеңдейтінін, әлемдік тауар нарығындағы сұраныстың төмендейтінін және құбылмалықтың артатынын  жаңа экономикалық нақтылық ретінде қарастырып отыр, — деп  Ұлттық банктің соңғы мәлімдемесіне сілтеме бере отырып Асқаров өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды. 

Экономист бұл шараларға түсініктеме берді.

«Ұлттық банк қазіргі жағдайды саралап, Brent маркалы мұнай бағасының бір баррелінің 60-тан 35 долларға төмендейді деп өзінің болжамын қайта қарастырды. Бағаның жаңа деңгейін болжам жасалған кезеңнің соңына дейін сақталады деп, оны негізгі сценарий ретінде көрсетіп отыр. Болжалған сценарийдің ойдағыдай нәтиже бермеуі инфляцияның 2020 жылғы мақсатты дәліздің жоғары шегіне шығуына себеп болды.

Қазіргі уақыттан бастап, Ұлттық банк орын алған жағдайды ескеріп, валюта бағамын белгілеудің еркіндігі мен инфляциялық таргеттеу саясатына сәйкес  тепе-тең бағамның қалыптасуына ықпал етуге ниетті», — дейді экономист өз жазбасында.

Бұған дейін Ұлттық банк негізгі мөлшерлемені 12% деңгейінде сақтап қалатыны туралы мәлімдеген. Сондай-ақ қаржылық реттеуші әлемдік ЖІӨ-нің өсу қарқыны 2008 жылғы дағдарыс деңгейіне түседі деген болжам жасалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз