Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Экономикалық даму модельдері талқыланды

111

– Өздеріңіз білетіндей, елдің әлемдік аренада алдыңғы қатарға шығу таңдалынып алынған эко­но­ми­калық даму моделіне тіке­лей бай­ланысты. Қазақстан өзге ел­дердің тәжірибесі мен пай­даланып жүрген даму үлгісін зерт­теп, өз экономикалық даму моде­лін жетілдіруі тиіс, – деді Ф.Қуанғанов.
Отырысқа ҚХР Қаржы ғылыми институтының ғылыми қызметкері  Лю Чжицинь, ресейлік экономист Михаил Хазин, Қа­зақстандағы әлемдік банк өкілі Ато Браун, К.Аденауэра қорының өкілі Томас Хельм (Гер­мания) және т.б. танымал шетелдік және қа­зақстандық экономистер мен сарапшылар баяндама жа­сады.
Лю Чжицинь мырза алпауыт Қытай елінің экономикалық хал-күйін тәуелсіздік алғаннан соң қалай көтере алғаны туралы баяндама жасады. Қытай Халық Республикасы халқының жағдайы әбден төмендеген тұста үш қағиданы ұстануға шешім қабыл­дапты. Олар: 1) стартты нақты белгілеу; 2) индустрали­зациялау; 3) мәселелерді ретімен шешу.
– Біз экономикалық мақсатта дамудың бірнеше емес, тек бір фокусын ғана таңдап алдық. Халықтың 80 пайызы егін егумен айна­лысатын тұста ауыл шаруа­шылығы реформасын жүргізу қажеттілігі туды. Осыдан 25 жыл бұрын біздің халық күрішті талон­мен алатын. Қазір АҚШ, Еуропа елдерімен бәсекелесе алмасақ та жағдайымыз өте жақсы, – деп тоқталды ол.
Қытайда әр жыл сайын 7 млн студент оқу аяқтайтынын, ол біз­дің Қазақстан халқының 40 пайызы еке­нін ескерсек, жұмысқа ор­наласу өте күрделі мәселе екенін атап өтті Лю Чжицинь.
Айта кетейік, партия қызме­тіне сараптамалық қолдау көрсету және елдің даму стратегиясының негізгі мәселелері бойынша партияның ұстанымын қалыптас­тыруға бағытталған CPASS партия көшбасшысының тапсырмасымен құрылған.Оның негізінде құрыл­ған «Зерде» сараптамалық клубы стратегиялық мәселелерді тал­қылауға сараптамалық бірлес­тік­тің қатысуын қамтамасыз етеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз