Шілде айының соңында Нұр-Сұлтанда Есіл өзінінің Триатлон паркінің жанындағы Амман көшесінің бойындағы бөлігі жасыл түске боялған еді.
Министрлікке сілтеме жасай отырып inform.kz порталының хабарлауынша, судың түсінің өзгеруіне оның «гүлденуі» себеп болуы мүмкін. Оны фитопланктонның тез таралуы деп атайды, микроскопиялық балдырлар суға жасыл ғана емес, қоңыр немесе қызыл түс бере алады.
Сонымен қатар, су қарапайым балдырлардың репродуктивті белсенділігінің арқасында жасыл түске боялуы мүмкін. Ведомствода атап өткендей, құбылыстың нақты себебі сынамаларға талдау жүргізілгеннен кейін белгілі болады. Жағдай елордадағы экология департаментінің ерекше бақылауында.