Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Экология министрлігі Қапшағай су қоймасының тарылуына қатысты түсініктеме берді

507
Сурет: Zakon.kz

Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы бұл пікірмен келіспейді, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Судың аздығына байланысты Іле өзенінің ағыны күтілгеннен әлдеқайда төмен болды және сәйкесінше Қапшағай су қоймасындағы су деңгейі айтарлықтай төмендеді. Орташа алғанда, вегетациялық кезеңде су ағыны секундына 70 текше метрді құрады, бірақ вегетациялық кезеңнің аяқталуына байланысты Іле өзенінің ағыны ұлғая бастады. Қазіргі уақытта су жинау құбырын тереңдетудің қажеттілігі жоқ, өйткені Қапшағай су қоймасындағы халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су қоры жеткілікті», — делінген хабарламада.

Мамандар су қоры жеткілікті, алаңдауға еш себеп жоқ екенін атап өтті.

«Қыркүйектен бастап су ағыны артып, секундына 739 текше метрге жетті. Бүгінгі күні ағын бойынша судың орташа тәуліктік шығыны секундына 558 текше метрді, ал ағызу секундына 250 текше метрді құрайды. Қапшағай су қоймасының көлемі 14 640 млн текше метрді құрайды, осыған байланысты күн сайын 20-30 млн текше метрден жинақтау режимі жүріп жатыр», — деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз