Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Екіге оқыған ұлы тұлғалар

1551
…қалай десек те назарларыңызға ұсынып отырған ұлы тұлғалар бұл пікірді дәлелдеді. Олардың деңгейіне дейін жету  қиынның қиыны. Алайда талпынған судан тайынбас..

Вольтер

Ұлы ағартушының әкесі ұлының заңгер болғанын қалағанымен оны белгісіз себептермен  иезуит колледжіне берген. Ол жерде жас жігіт «латын тілін үйреніп, басқа да мәнсіз істермен айналысты».

Волтердің әкесі өзінің балалары туралы «Мен екі ақымақ өсірдім. Бір ақымақ проза, екіншісі өлең жазады» деді. Бірақ бүгінде уақыт бәрін өз орнына қойғанын көріп отырмыз…

Исаак Ньютон

Исаак мектепте өте нашар оқыған… Бір күні сыныптасынан қорлық көргеннен кейін, Ньютон оған жауап қайтара алмасам, біліміммен жеңемін деп шешеді. Оқуға ден қояды. Оның нәтижесі қандай болғанын бәрі біледі…

Бисмарк

«Темір канцлер» мектепте екіге оқыған. Ол оқудың орнына дуэлге қатысып, көңіл көтерген. Отто барлығы 27 дуэлге қатысқан.

Ақыр соңында ол тарихқа енді.

Наполеон

Талантты стратег, біртуар оратор… Ол мектепте математикадан алған бағаларымен ғана мақтана алатын. Қалғандары өте жақсы емес еді.

Бетховен

Ол өмір бойы қатемен жазатын. Арифметиканы да меңгермей кетті. Бірақ оның музыкасы күллі әлемді табындырды!

Эйнштейн

Күтпеген жағдай ма? Ал Альбертті бала кезінде ақымақ деп санаған (оның тілі өте жай шықты), ата-анасы әйтеуір «бір жұмыспен айналысатын шығар» деп үміттенген.  Бірақ ақыл мен баға деген салыстырмалы ұғымдар емес пе?

Пушкин

 

Александр Сергеевич арифметиканы ұнатпайтын. Лицейде баға жағынан соңынан санағанда екінші орында болатын.

Маяковский

Бір таңғаларлығы Владимир Владимирович мектеп қабырғасында жүргенде әдебиетті мүлдем ұнатпаған. Мәселен, «Анна Каренинаны»  бастап, аяғына дейін оқымаған.

Чехов

Чехов мектепте нашар оқығаны сонша, тіпті оны екінші жылға қалдырған… Алайда «Письмо к ученому соседу»  әңгімесін  алғашқы курста оқып жүргенде  «Стрекоза» журналына жариялаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз