Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Эйр Астана” басшылығы Португалияда апатты жағдайда қонған ұшаққа қатысты түсінік берді

Компания басшылығы 11 қараша күні Португалия аспанында болған оқиғаға қатысты түсінік беру үшін арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

«Оқыс оқиғаға тап болған Embraer 190 ұшағы 2013 жылдың желтоқсанында шығарылған. Біз оны өндірушінің зауытынан алғанбыз. Оқыс оқиға болған кезде ұшақ жоспарлы техникалық қызмет көрсетуден қайтып келе жатқан еді. Әуеге көтерілгеннен соң көп кешікпей ұшақтан ақау анықталды. Ол жүргізілген жөндеу жұмыстарының салдары екені белгілі», – дейді компания президенті Питер Фостер.

Оның айтуынша, ұшақ бортында 3 пилот – 1 капитан және 2 екінші пилот болған. Оның үшеуі де Қазақстан азаматы. Сондай-ақ, екеуі қазақстандық, бірі британиялық – 3 инженер олармен бірге болған.

«Капитан Вячеслав Аушев бұлттардың арасына кіріп кетпеу үшін ұшу биіктігін арттыру бойынша барлық шараларды қолданған. Бірнеше минуттың ішінде пилоттар ұшақты толық болмаса да, белгілі деңгейде бақылауға алған. Бірақ оған дейін төтенше жағдай жарияланып үлгерген болатын. Олар бұл кезде Португалия тарапының қадағалауында болды», – деп түсіндірді Питер Фостер.

Ұшақтың жерге қонуына Португалия Әскери әуе күштерінің жойғыштары көмектескен. Әуе компаниясының өкілдері қажет болғанда ұшақты мұхитқа қондыру нұсқасы да қарастырылғанын растады.

«Жүргізілетін тексеру және оның нәтижелері біздің келесідегі техникалық қызмет көрсету орталықтарын таңдауымыз үшін ұсыныс сипатында болады», – деді компания басшысы.

«Эйр Астана» ұшағы ақаулық табылуына байланысты Португалияға қонуға мәжбүр болды

Еске сала кетейік, 11 қараша күні «Эйр Астана» әуе компаниясының Эмбраер-190 ұшағынан Португалияда техникалық қызметтен кейінгі ұшу кезінде техникалық ақау табылып, экипаж Португалияның Бежа қаласындағы аэродромға қонуға мәжбүр болған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз