Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

ЕХРО-2017 көрмесіне қарсы қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті

Бағдарламаға шахмат, тоғызқұмалақ, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шағын футбол және тағы басқа спорт түрлерінен жарыстар кіреді.

Қала әкімдігі сайтының хабарлауынша, маусым бойы Астананың алдынғы қатарлы жоғары оқу орындарының студенттері өзара сайысқа түсетін болады, бұл жастарды белсенді өмір салтын ұстануға, оларды спортқа тартуға ықпал етеді.

Универсиаданың ұйымдастырушылары: Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Астана қаласының спорттық-бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы. Студенттердің арасында шахматтан жарыстар өткенін атап көрсету керек, онда елордадағы жеті ЖОО-ның командалары шеберлік байқасты.

Сайыста Лев Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері жеңіске жетті. Сондай-ақ, аталған шараның шеңберінде 2015-2016 жж. Универсиадасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, ол «Спорт – өмір көркі» ұранымен өтіп, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз