Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

ЕХРО-2017 көрмесі кезінде Қазақстан 500 мың евро пайда табуы мүмкін екен

Аталған департамет директорының орынбасары Илья Оразақовтың айтуынша, бұл тұрғыда шағын және орта бизнесті тарту арқылы 25-30 қызмет көрсету бағыттары қамтылмақ. Осы орайда төлем жүйелері, дәріханалар, экскурсия, Қазақстан бойынша сапарлар, сән салондары, типографиялар, дизайндық қызметтер, заңгерлік кеңестер және басқа да қызмет түрлері іске қосылады деп күтілуде.

«Осының алдындағы жобаларға жасалған талдауға сүйенсек, көрме алаңында бір адам 4-7 сағат аралығында уақыт өткізеді. Біздегі көрменің аумағында 25 гектар алаңдағы көрме кешенін аралап шығады. Бұл уақытта әрбір адамға қызмет көрсету және оның қажеттіліктерін қамтамасыз ету қамтылуы керек»,-деді Илья Оразақов.

Оның сөзіне қарағанда, бұл бағдарламаға қатысуға ниетті шағын және орта бизнес ұлттық компанияға өтінішін жолдауы тиіс.

«2017 жылдың 1 мамырынан бастап көрме толықтай қызметін бастайды. Біздің барлық операциялық жүйелерді апробациялау іске асырылады. Ағымдағы жылдың қазан-қарашасында қатысушы елдерге көрме павильондары тапсырылады. Әлем елдерінің өкілдері мен халықаралық ұйымдар Астанаға сапарларын бастады. Осы ретте олар қазіргі кезде қызметтік жұмыстар бойынша танысып жатыр», – деді Илья Оразақов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз