Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Дүние жүзі қазақтары” қауымдастығын не үшін құрдық?

191

Бұл жерде нақты жоба жоспар мен мақсаттар қойған үкііметтің құр айқайы мен құр мақтанына ызам келіп отыр…

Бірінші оралмандар неге бейнебаян жасап елбасыға мұң зарын шағады? Неге амалсыз шарасыз күй кешеді?

Сонда бізде мемлекеттік институттар жоқ па? Бар болса неге осы мәселелерді тиісті жауапты лауазымды инстанция өкілдері айналысып жауап бермейді?

Неге қазақтар қазақтар тарапынан зұлым көруде? Қазақ қазақтың проблемасына жоғына, мұңына қайрылмайды? Қазақ ұлт емес пе? Ұлттық қан, ұлттық намыс, ұлттық мүдде, ұлттық тілек қайда?

Неге Қазақстанның шетелдегі елшіліктері оларды жатсынады, көкірегіне итереді?

Біздегі барлық іс-шара тек қана есеп үшін…Неге сондай жиындар мәселе шешуге арналмайды?

Неге қазақ өз елі мен жеріне келіп өз тілектерін өз арыздарын естірте алмайды? Неге қазақ үкіметі қазақтың зарына құлағын түрмейді? Нег олар Европаға сол жақтағы кеңестер мен ұйымдарға шағымдануы тиіс?

Біздің “Дүние жүзі қазақ қауымдастық” ұйымын құрғанымыз қайда?

Мәселе шеше алмайтын ұйымның қажеттілігі қанша? Қазақтың бақыты үшін құрылған мына мемлекеттің қажеттілігі қанша? Бұл кімнің мемлекеті?

Досай Кенжетай,

дінтанушы

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз