Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Дүкенге шығып кеткен…”. Әйеліне іздеу жариялаған еркек балаларға обал болғанын айтты

Сандуғаш Бақтиярқызы үйінен 28-желтоқсанда өз аяғымен шыққан. Жақындарына сенсек, жаңа жылдық дастарханға азық-түлік алмаққа кетіпті. Бірақ сол күйі отбасына оралмаған. Содан бері оны көрген тірі жан жоқ. Ұялы телефоны да өшірулі.

“Толықша келген сары келіншек. Қара курткасыменен үйден шығып кетті. Ешқандай ақпарат ала алмадық. Бірақ бармаған жеріміз қалмады. Бәрі білмеймін, көрмедім дейді”, – деді жоғалған келіншектің күйеуі Манас Рахметов.

Мұның бәрі көңілге күдік ұялатады дейді жақындары. Тіпті, әйелді әлбіреулер қасақана ұрлап кетті ме деп қауіптенеді. Осындай ой мазалап, күйеуінің денсаулығы сыр бере бастаған.

Ал, балаларының жағдайы тіптен мүшкіл. Онсыз да денсаулығының кемістігі бар олар анасының құшағын әбден сағынған. Отбасының әлеуметтік жағдайы да бұрыннан мәз емес.

“Мына балалардың да жай-жағдайы өздеріңізге белгілі, біреуі кішкене инвалид. Біреуі әлі 3 жастың ол жақ, бұл жағындағы ұл бала. Күйеуі де сол қайғырып жүр, қайғы үстінде”, – дейді туыстары Төремұрат Нұржаубаев.

Кейбір мәліметтер бойынша, ерлі-зайыпты арасында кикілжің туып, келіншек үйінен кеткен. Десе де көз көріп жүргендер оның бауыр еті балаларын тастап кетуі мүмкін еместігін айтады. Сондықтан қазір көрші-көлем де, туған-туыс та аяқтан тік тұрған. Олар жер-жерге қағаздар іліп, Сандуғашты табуға барын салуда.

“Ауылдан еріктілер жасақтары құрылады. Жан-жақтан іздеуге біз міндетті түрде атсалысамыз. Себебі, бұл отбасы бізге ертеден, әлеуметтік жағынан болса да бұрыннан мәлім”, – дейді Түрген ауылдық округінің әкімі Бота Елеусізова.

Жақындары келіншектің аман-есен табыларына сенеді. Әрі іздеу жұмыстарына өзге де еріктілер араласса дейді. Ал оны көрген-білгендер болса, тез арада хабар беруін сұрауда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз