Украинаның Киевке бағынбайтын Луганск облысы аумағында жексенбі күні таңертең ЕҚЫҰ миссиясының қызметкері қайтыс болды. Тағы бір қызметкер жараланды. Бұл туралы 23 сәуірде ЕҚЫҰ-ның Украинадағы арнайы миссиясының өкілдері “Фейсбук” парақшасында хабарлады.
ЕҚЫҰ миссиясының екі бронды көлік мінген алты қызметкері Луганск облысындағы үкімет бақылауынан тыс аудандағы Пришиб елді-мекенін аралаған. Сол кезде оқыс оқиға болып, миссияның бір қызметкері қаза тапқан, екеуі ауруханаға жеткізілген.
Пришиб ауылы жанжал аймағына жақын орналасқан. Оның қасындағы Сокольник және Славяносербск елді-мекендерін Луганск облысы бақыласа, Трёхизбенк ауылын үкімет күштері басқарып отыр.