Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
424
+1.83
EUR
497
+0.08
RUB
5.57
+0.04

Доллардың ресми бағамынан бейресми бағамы төмен

Ақша айырбас пункттеріндегі доллар бағамының таңертеңгі сату мен сатып алу құнындағы ауытқушылық 2 теңгені құрайды. kurs.kz сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі ақша айырбас пункттерінде 1 АҚШ валютасының сату құны 334-334,5 теңгені, ал сатып алу бағасы 330-332,5 теңгені көрсетіп тұр.

Снимок экрана от 2016-05-23 09:37:28

23 мамырдағы ҚР Ұлттық банктің бекіткен шетел валюталарының ресми бағамы мынандай: 1 АҚШ доллары — 335,01 теңге, 1 еуро —375,88 теңге, ресей рублі — 5,02 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 487,84 теңге, жапон йені— 3,04 теңге, 1 қытай юаньы — 51,18 теңге, 1 қырғыз сомы —4,91 теңге, 100 өзбек сумы— 11,63 теңге.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 20 мамырдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 335,01 теңге деңгейінде нақтыланды.

Мамандар халықаралық мұнай нарығындағы ахуалды негізге ала отырып, 30 мамырға дейін 1 АҚШ долларының құны 330 теңгеге дейін төмендеуін болжайтынын еске сала кетелік.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз