Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Долларды кімдер сатып алуда: Шымкентте неліктен шетелдік валютаға сұраныс жоғары?

155

Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, бүкіл ел бойынша айырбастау пункттері америкалық валютаны 184,1 млрд теңгеге артық сатты. Салыстыратын болсақ,

  • 2020 жылдың тамыз айында көрсеткіш 145,2 млрд теңгені құрады,
  • 2019 жылдың қыркүйегінде – 150,9 млрд теңге.

Орташа айлық бағам бойынша қайта есептегенде (423,86 теңге) бір ай ішінде халық шамамен 434,4 млн доллар сатып алды, бұл да 2020 жылғы ең жоғары көлем.

Алайда, 9 айдың қорытындысы бойынша айырбастау пункттерінің америка валютасын нетто-сатуы 1 трлн 090,8 млрд теңгені құрады. Бір жыл бұрын — 1 трлн 433,8 млрд болған еді. Нәтижесінде үш тоқсанның қорытындысы бойынша сұраныс 24%-ға төмендеді.

Сұраныстың жартысынан көбі Алматы мен Шымкентке тиесілі

Сұраныстың басым бөлігін қыркүйекте тұрғындарының саны миллионнан асатын  екі қала – Алматы (59,8 млрд) және Шымкент (45 млрд) қамтамасыз етті. Олардың үлесіне жалпы республикалық көрсеткіштің 57%-ы тиесілі. Бұл ретте Шымкентте қатарынан бес ай бойы көрсеткіштер арта түсуде, 2020 жылы ең жоғарғы мәнге жетті. Сонымен қатар ағымдағы жылы келесі қалаларда рекордтық сұраныс байқалды:

  • Ақмола облысы – 2,5 млрд теңге
  • Жамбыл – 6,3 млрд
  • Қарағанды – 8,6 млрд
  • Қостанай – 7,5 млрд
  • Түркістан облысына – 7,7 млрд теңге

Жалпы, тамыз айымен салыстырғанда доллардың нетто-сатылу көрсеткіштері Қазақстанның барлық өңірлерінде өсті. Ең жоғары қарқын Шымкентте (+11,8 млрд теңге), ең төменгісі Атырау облысында (+19,7 млн) байқалды.

Еуро тағы да сұранысқа ие болды

Қыркүйек айында еуроға сұраныс қалпына келді. Ресми түрде, таза сатылымдар бесінші ай қатарынан өсіп келеді. Мәселен  тамызда (4 ай өскеннен кейін) көрсеткіш 15 млрд теңгеден аз болды. Ал 2019-да таза сатылымның орташа көлемі айына 29,3 млрд-ты құраған еді. Қыркүйек айында ол 32,5 миллиардқа дейін өсіп,  2019 қыркүйегінен бастап ең жоғары мәнге жетті.

Алайда, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында еуропалық валютаның нетто-сатылымы 282,7 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы екі есе аз – 129,6 млрд.

Тамыз айымен салыстырғанда республикалық маңызы бар үш қалада еуроға сұраныс артты:

  • Алматы – 6,8 млрд теңгеге (12,3 млрд теңгеге дейін)
  • Нұр-Сұлтан – 3,3 млрд (5,4 млрд теңгеге дейін)
  • Шымкент – 2,5 млрд-қа (3,5 млрд теңгеге дейін)

ЕАЭО-да бірегей валюта енгізіле ме және оның нәтижесі қандай болмақ?

17 өңірдің 11-інде нетто-сату көрсеткіштері ағымдағы жылы ең жоғары деңгейде болды. Тек екі облыста қыркүйек айында еуропалық валютаға сұраныс тамыз айымен салыстырғанда төмен болды. Алматы (-18,6 млн теңге) және Қызылорда (-6,1 млн) облыстарында.

Рубльдің сұранысы соңғы екі жылдағы ең жоғары деңгейде

Ресей валютасы 2018 жылдың тамызынан бастап жоғары сұранысқа ие болмады. Айырмашылық 72 млрд теңгеден асты немесе орташа айлық бағам бойынша 12,7 млрд рубль шамасында. Сұраныс Ақтөбе (+2,8 млрд теңге), Шығыс Қазақстан (+2,4 млрд) және Батыс Қазақстан (+1,9 млрд) облыстарында ең жоғары деңгейге жетті.

Бірақ Нұр-Сұлтанда нетто-сату шамамен 2,1 млрд теңгеге, Алматы облысында – 10 млн теңгеге, Қызылорда облысында – 59,3 млн теңгеге төмендеді.

Жылдың алғашқы 8 айында сұраныстың айлық деңгейі бойынша рекорд 8,8 млрд теңгені құрады. Нетто-сатудың мұндай көрсеткіші Павлодар облысында наурыз айында тіркелген болатын. Қыркүйек айында рекорд үш рет жаңарды:

  • Шығыс Қазақстан облысында ол 10,9 млрд теңгені құрады
  • Ақтөбе облысында – 9,1 млрд
  • Батыс Қазақстан облысында – 9,4 млрд.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз