Бұл идеяны экономистердің бәрі бірдей құптамайды.
Сүлейманов осыған қатысты бірнеше көзқарасты қарастырып, оларға қысқаша талдау жасады.
Біріншіден, валюталық интеграцияны жасанды түрде жылдамдату ЕАЭО елдерінің мүдделеріне сәйкес келмейді. Бірыңғай валюта бәсекеге қабілетті, өтімді болып, басқа мемлекеттермен есеп айырысуға жарауы тиіс. Қалай болғанда да, елдер шығынын азайту үшін өздеріне пайдалы валютаны пайдаланады.
Екіншіден, Еуразиялық одақ бірыңғай валюталық режимді енгізу үшін тәжірибе жинақтап, доллардан біртіндеп бас тартуда. Қазірдің өзінде ЕАЭО-ға қатысушы мемлекеттер аумағында ішкі валютамен есеп айырысуға көшуге тырысуда (кейбір бағытта 40-50% ұлттық валюталармен есеп айырысады).
Үшіншіден, ЕАЭО елдерінің валюталық-қаржылық қатынасында әлемдік экономикалық шындыққа барынша жақын тікелей іс-қимыл нормаларын әзірлеп, декларативтіліктен бас тарту маңызды. Сондай-ақ сыртқы факторларды: ұйымның экономикалық әл-ауқатына әсер ететін стресстерді (пандемия, экономикалық гипер бәсекелестік, аймақтандыру және жаһандық ынтымақтастық шығындары және т.б.) ескеру қажет.
Посткеңестік кеңістіктегі валюталық интеграция кедендік рәсімдер саласындағы интеграция секілді тиімді емес.
Бірақ ЕАЭО елдеріндегі валюталық қатынастарды реттеудің өз ерекшелігі бар
Беларусьте валюталық қатынастарды мемлекет бақылайды. Белгілі бір валюталық шектеулер де бар.
Қырғызстанда ең либералды валюталық режім орнаған, себебі
Ұлттық банк басқа қосымша шектеулер белгілемейді
Армения мен Қырғызстанда резиденттер лимитсіз және шектеусіз өзара валюталық процедура орнатуға құқылы. Ал ЕАЭО-ның қалған мемлекеттерінде заңдарда жеке көзделген операцияларды қоспағанда, резиденттер арасындағы валюталық қатынастарға тыйым салынған.
Арменияда, Қырғызстанда және Қазақстанда резидент еместер арасында қандай да бір шектеусіз валюталық операциялар (рәсімдер) жасауға рұқсат берілген. Ресейде бұл мәселеде шамалы шектеулер бар,
ал Беларусьте арнайы шаралар белгіленген
— Жалпы ЕАЭО елдерінде валюталық қатынастарды реттеудің өз айырмашылығы мен ерекшелігі бар екенін атап өткен жөн. Алайда бірлестік қызметіне байланысты ерекше ережелер мен нормалар
мемлекеттердің ұлттық заңнамасында қарастырылмаған
— дейді сарапшы.
Сулейманов валюталық бірігудің үш түрлі сценарийін сипаттады:
Сондай-ақ тағы бірнеше механизмді атап өтті:
— Еуразиялық интеграциялық бірлестіктің валюталық одағын құру жұмысы ЕАЭО-ға қатысушы елдердің қолда бар валюталық-қаржылық мүмкіндіктерін біріздендіруге ықпал етеді деп ойлаймын. Бұл үшін
монетарлық саясатпен және қаржы-валюталық операцияларды реттеумен айналысатын ұлттықтан жоғары орган құру қажет,
— деп атап өтті Сүлейманов.
Ол сондай-ақ валюталық реттеу мен бақылаудың тиімділік факторларын атап өтті.
Еуразиялық одақ елдерінің экономикалық дамуының жалпы көрсеткіштеріне жақындау керек. Өмір деңгейінің асимметриялы болуы дамуға кедергі келтіреді. Экономикалық процестердің синхрондылығын қамтамасыз ету маңызды.
— Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу ЕАЭО шеңберінде валюталық одақты қалыптастыруға және мемлекеттердің өзара экономикалық пайдасын тұрақтандыруға ықпал ететіні анық. Бірақ қанша уақытты қажет ететіні басқа мәселе, — деп түйіндеді автор.