Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Долларды 340-тан асырмау керек…”. Үкімет абыр-сабыр боп жатыр

Бұл жайында премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Ақша айырбасы бағамының ауытқитынын біліп, біз, әу баста, бюджеттің ортажылдық бағамын 340 теңге деп белгілеп, есептедік. Ұлттық банк инфляциялық таргеттау саясатына көшкендіктен, біз нарыққа бейімделеміз. Экономикалық әріптес болғандықтан, Ресей Федерациясы мен олардың қор нарығындағы теріс факторлар бізге де әсер етеді.

Бұрынғы тәжірибелерді ескере отырып, Ұлттық банк инфляциялық таргеттеуді енгізу мен осы секілді сыртқы теріс әсерлерді азайтуды ұсынған болатын. Бұл жағдай импортқа ерекше әсер етуі мүмкін, бірақ оның алдын алуға тырысатын боламыз” – деп мәлімдеді Досаев үкімет отырысынан кейін.

https://kaz.365info.kz/dollar-tagy-khymbattajdy-zhana-sanktsiya-putinnin-zhanyn-shygaryp-zhatyr-310269

Сонымен қатар ол санкцияның Қазақстанға түк қатысы жоқ екенін ескертуді ұмытпады. Оның айтуынша, Қазақстан санкциялық режимге енбейді.

“Еуразиялық экономикалық одақтың шеңберінде белгілі бір деңгейде Ресей экономикасындағы қиын ахуалдың бізге жанама әсері болатын шығар. Сондықтан түстен кейін экономикалық саясатқа байланысты үкімет жиыны өтеді, Ұлттық банктің төрағасы келеді.

Біз ақша-кредит саясатының және валюта бағамының мәселелерін талқылайтын боламыз” – деді ол.

Қуаныш Жұбандықов

https://kaz.365info.kz/osy-zholy-bari-bitedi-sarapshy-resejge-salynatyn-sanktsiyanyn-symdykh-khypiyasyn-ashty-276042

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз