Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Доллар қымбаттамайды, инфляция өспейді. Ұлттық банк көрсеткіштері осылай „сөйлейді„

Ал базалық мөлшерлеменің төмендеуіне не ықпал етті? Оған ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев арнайы баспасөз мәслихатында егжей-тегжейлі жауап берді.

Мұнай бағасының қымбаттағаны бізге қолайлы

Бас банкирдің айтуынша, базалық сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге бірқатар ішкі және сыртқы макроэкономикалық оң индикаторлар әсер еткен.

– Халықаралық нарықта мұнай біз болжаған шамадан сәл жоғары саудаланып жатыр. 2016 жылдың мамыр айынан бері Brent маркасындағы мұнайдың бір баррелі тұрақты түрде 45 доллардан жоғары  саудалануда. Маусым айында мұнайдың бір баррелі өткен жылдың қараша айынан бері алғаш рет 50 доллардан асты. Бұл біз үшін өте қолайлы болды, – дейді Данияр Ақышев.

Сыртқы фактор демекші, бүгіндері

Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығу туралы шешімі халықаралық экономика үшін төбеден жай түскенмен бірдей әсер етіп жатқаны белгілі.

Осы саяси оқиғадан кейін халықаралық қаржы нарығындағы аласапыран кезінде әлемдегі ең бай адамдар миллиондап ақшасынан „желініп„ қалып еді. Алайда Данияр Ақышевтің айтуынша, бұл сыртқы фактордың Қазақстанға теріс ықпалы болмапты.

– Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығуын шешетін референдум нәтижесіне байланысты халықаралық қаржы нарығында орын алған тұрақсыздық қысқа мерзімді болды. Бірнеше күннің ішінде жағдай тез реттелді. Қалай дегенмен де бұл оқиға халықаралық экономикаға әсері әлі ұзақ мерзімді қамтуы керек, алайда Ұлыбританияның Еуро Одақтан шығуынан туындайтын қауіп-қатер Қазақстан үшін шектеулі.

СондаҰлттық банк төрағасы қазір Ресей экономикасында болып жатқан құбылыстар Қазақстан экономикасына қолайлы болады деп санайды.

Доллардың құны кетіп, алтын ардақтала бастады

Ал жағымды ішкі фактор ретінде халықтың доллардан жаппай арылу процесі негізге алынады. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, мамыр айындағы АҚШ долларының сатылым көлемі 183,8 миллион долларды құраған.

– Жыл басынан бергі 4 ай ішінде, яғни, ақпан мен мамыр аралығында, халық қолындағы 947,2 миллион АҚШ долларын сатқан,

– дейді Данияр Ақышев.

Оның айтуынша, қазақстандықтар ақша айырбастау орындары арқылы шетел валютасын теңгеге көптеп айырбастап алып жатыр.

Қазақстанда доллар түріндегі депозиттердің саны азайып келеді. 2016 жылдың басында доллар түріндегі депозиттің көлемі 69,9 пайызды, оның ішінде, жеке тұлғалардікі – 80,1 пайыз, заңды тұлғалардікі – 62,1 пайызды құрады. Ал

мамырда шетел валютасы түріндегі депозиттер 59,5 пайызға дейін қысқарды, халықтікі – 70,6 пайызға, заңды тұлғалардікі – 51,7 пайызға дейін төмендеді.

Мемлекет алтын қорын қомпайта бастаса, бұл да қаржы нарығындағы тұрақтылықты танытады. Ал Ұлттық банк соңғы кездері алтынды көптеп жинап алған. Мысалы, Ұлттық банктің алтын валюта резерві соңғы 4 жыл ішінде ең жоғарғы шекке жетіпті.

Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 2016 жылғы маусымның соңында 2012 жылғы шілдеден бастап ең жоғары шекті қамтып, 30,5 млрд АҚШ долларын құраған. Сонымен бірге Ұлттық қордың активтері 65,7 млрд АҚШ долларына жетіпті.

Данияр Ақышевтің айтуынша, алтын валюта қорының еселеп өсуі алтындағы активтерді қайта бағалау, сондай-ақ Үкіметтің шоттарына келіп түсетін қаражат есебінен орын алды.

Қалай дегенмен де сарапшылар мемлекет алтын қорын көбейтсе, онда шетел валютасы өспеуі керек деп санайды.

Халық тамыздың „қара дүйсенбісін„ әлі ұмыта қойған жоқ

Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің азаюына байланысты еліміздегі инфляция көрсеткішінің төмендейтінін де айтады.

– 2016 жылдың бірінші жарты жылдығында инфляция деңгейі 4,6 пайыз болды, бұл өткен жылдың көрсеткіштеріне сәйкес келеді: 2011-2015 –  5,1, 2,7, 4,8, 1,4. Ай сайынғы инфлияция деңгейі де Ұлттық банк болжаған деңгейде. Мысалы, маусым айында ол 0,4 пайыз болды„ – дейді Данияр Ақшыев.

Дегенмен Ұлттық банк басшысы жылдық инфлиция көрсеткіші бойынша болжамда жақ ашпауды жөн санаған секілді. Өйткені қазір әлемдегі жағдай құбылмалы. Сондықтан ауыздан қағынып, уәде етіп, алдыңғы шенеуніктер құсап, елден ұрсыс естіп жүрген жақсы дейсіз бе?

Қалай дегенмен де ендігі базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешім 15 тамызда белгілі болады екен. Ол кезде де төмендеуге қол жеткізсек, жақсы. Бірақ халық былтырғы тамыздың „қаралы дүйсенбісін„ әлі ұмыта қойған жоқ. Ол кезде америкалық валюта жылдам салмақ қосып, ақыры үш есеге өсіп тынған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз