Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
21
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Көкшетауда жүкті әйелді бұралқы иттер қауып алды

Қазір ол ем қабылдап жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, жүктілік алдында мұндай жағдайдың салдары ана мен құрсақтағы бала үшін аса қауіпті болуы мүмкін. Оның үстіне, әйелдің бастауыш сыныпта оқитын ұлы бар. Ол №11 мектепте білім алады, ал мектеп маңында да қаңғыбас иттер жиі жүреді.

Жалпы, бұл қаладағы жалғыз жағдай емес. Өткен жылы өңірде қаңғыбас иттер мен басқа да жануарлардың шабуылынан 2 500-ден астам адам зардап шеккен. Биыл да жағдай оңалар емес. Оқыс оқиғалар саны азаймай тұр.

Мәселе бұған дейін де бірнеше рет көтерілген. Жергілікті ақпарат құралдары мен қоғам белсенділері қала көшелеріндегі иттердің адамдарға және үй жануарларына шабуыл жасау фактілерін жиі жариялап келеді. Алайда нақты нәтиже әзірге байқалмайды.

Ветеринариялық инспекция өкілдері бұл жағдайды мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің кешігуімен байланыстырады. Олардың айтуынша, қаңғыбас жануарларды аулау бойынша тендерлер енді ғана өткен. Алайда шаһарда бұралқы иттерден төнетін қауіп сейілмей отыр.

«Қала тұрғындары қаңғыбас жануарларға қатысты шағымдарын Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне жазбаша түрде жолдауы тиіс. Бұл мекеме тиісті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып саналады. Өтініштер кейін конкурс жеңімпазы — «Шанс на спасение» қоғамдық бірлестігіне жолданады. Жасалған келісімшарт негізінде қала аумағында бұралқы иттер мен мысықтарды аулау жұмыстары жүргізілетін болады», – дейді Ақмола облысының Ветеринария басқармасы. 

Дегенмен тұрғындар қауіптің әлі де жоғары екенін айтып дабыл қағуда. Қоғамда «ит мәселесі» Үкімет деңгейінде қаралып жатқаны айтылғанымен, нақты әрі жедел шешімнің жоқтығы алаңдатады. Қала көшесінде еркін жүрген қаңғыбас иттер — тек санитарлық емес, адам өміріне тікелей қауіп төндіретін аса өзекті мәселеге айналып отыр.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз