Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Дизель отынымен жүретін көліктерге тыйым салынады

Соңғы жылдары дизель жанармайын көлік саласында пайдалану ауа сапасына айтарлықтай әсер ететіндігі дәлеледеніп келе жатқандықтан, ерекше назарға алынды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) жыл сайын үш миллионға жуық адамның көз жұмуы ауаның ластануымен байланысты екенін мәлімдеп отыр.

Дизелді қозғалтқыштарды қолдану ірі қалаларда екі негізгі жолмен ауаны ластайды екен – қатты бөлшектерді бөлу және азот оксидтері (NOx) есебінен. Өте жұқа күйе қабаты өкпеге түсіп, жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтырып, өлімге әкелуі де мүмкін. NOx тыныс алуды қиындатады, тіпті тыныс алу жолдарымен еш проблемасы жоқ адамдарды да. Бұл жағдай дәлеледенгеннен кейін экология үшін күресетін белсенділер ауа тазалығын қорғау үшін нақты нормалар мен ережелер қабылдану үшін сотқа жүгінеді. ВВС сарапшысы Roger Harrabin дизель отынына тыйым салу маңызды деп есептейді.

Осыған байланысты әлемде электрлі, сутекті және гибридті көліктерді жақсарту мүмкінідігін пайдаланатын уақыт келгенін айтады ұлыбританиялық сарапшы.

 

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз