Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Дін істері комитеті салафизм ағымын тыю мәселесін қарастырып жатыр

134

– Халық арасында түрлі пікірлер айтылып жатыр. Мамандар да өз ойын білдірді. Сондықтан Дін істері комитеті барлық пікірлерді қарастырып, зерттейді. Жалпы, салафизмге тыйым салу туралы шешім қабылданса, оның қоғамға тигізетін әсерін де ойлауымыз қажет. Қандай қосымша шаралар қолдану қажет, қандай қауіп-қатерлер болуы мүмкін? Міне, осы сұрақтарды жан-жанқты қарастырып жатырмыз, – деді ол.

Сонымен қатар, Ғалым Шойкин аталмыш мәселе бойынша қандай жұмыстар атқарылып жатқандығын да атап өтті.

«Дін саласында көптеген жаңа ұсыныстар енгізілді. Оның ішінде басқа ағымдардың жетегінде кеткен азаматтарды оңалту бағдарламаларына көптеген өзгерістер енгізіліп жатыр», – деді Ғалым Шойкин.

Дін істері комиетінің мәліметінше, еліміздегі салафизмнің жетегінде кеткен адамдардың нақты санын шығару мүмкін емес, дегенмен, шамамен олардың саны 15 мыңға жетеді.

– 2014 жылдан бері «Ақниет» оңтайландыру орталығы дәстүрлі емес діни ағымда жүрген 300 адамды дұрыс жолға салды. Астана қаласындағы Мұсылмандар діни басқармасының мамандары мыңға жуық азаматты дәстүрлі діни ағымға қайтарды. Бірақ, олар қайтып сол ағымға бармайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Қазір теріс ағымда жүрген 500-ден астам адам темір тордың арғы жағында жазасын өтеп жатыр, – дейді Ғалым Шойкин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз