Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Димаштың Лондондағы концертінде ән салған ақтөбелік оқушы өз қуанышымен бөлісті

114

Айта кетелік, Димаш Құдайбергеннің арнайы жүлдесіне ие болған ақтөбелік оқушы Нарғыз Жанұзақова Лондондағы концертте ән салған болатын. Ол Indigo at the O2 концерт залында өнер көрсетіп, ұмытылмас сый жасаған Димаш Құдайбергенге алғысын жеткізді.

«Димаш ағамен бір сахнада әрі Indigo at the O2 концерт залында өнер көрсеттім. Мен бақыттымын. Дәл осындай бақ бұйырғаны үшін Аллаға сансыз мадақ. Кейін маған сеніп, мені қолдаған анам мен апама, Қанат, Света Айтбаевтарға алғыс айматын. Маған сеніп, қолдаған баршаға алғысым шексіз. Армандар орындалады, сену керек», – деп жазды жас талант Нарғыз Жанұзақова.

Ол Лондон сахнасында «Елімнің жүрегі – Астана» әнін орындады.

Жас әншінің лебізіне Димаш Құдайберген де жауап жазды.

«Жарайсың, балапан! Өте керемет орындап шықтың! Болашақта «менің концертіме әлемдегі №1 әнші Нарғыз қатысқан еді кезінде» деп мақтанып отырармыз», – деді Димаш Құдайберген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз