Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Димашты жер жүзіне Қытай арқылы таныстырған екі жігіт бар – телеарна директоры

189

“Димашты жер жүзіне Қытай арқылы таныстырған екі жігіт бар. Бірі – қазақ, екіншісі – қытай. Өзіміздің жерлесіміз, журналист Ертай Нүсіпжанов пен Хунан тв-дің бас продюсері Хонг Тао. Ертай талантты әншіні тауып, дайындап, ҚХР-ға апарып ұсынса, Хонг жобаға қосып Димашқа мүмкіндік берді. Бүгін екі жарқын жігіт жақын дос. Екеуі де өнер үшін жан пида деп, мәдениеттің өрбігенін, xалықтың, адамзаттың дамығанын тілеп жүреді. Нағыз азаматтар. Әлі де талай таланттарды жұлдыз қылатынына кәміл сенемін. Ертай мен Хонгқа күш-қуат берсін Тәңірім, мықты денсаулық, отбасыларына бақ-береке тілеймін. Қытайға өнер көрсетем десеңіз Ертайға xабарласыңыз – бағыңыз жансын!” – деп жазды Бағдат Қожахметов.

Айта кетейік, Димаш Құдайберген Қытайдағы “I am a singer” байқауынан кейін Орта Азияға кең танылды. Қытайда жүріп 10-ға жуық беделді жүлдені жеңіп алды. Бүгінде әнші Шанхайда өтетін жеке концертіне қызу дайындық жүргізіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз