Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Димаштай болу қайда?..”. Музыка маманы Витас пен біздің әншілерді жұлдызсымақ деп салды (видео)

179

Оны Витаспен салыстырудың мүлде қажеті жоқ, мен Сіздің көзіңізге қарап отырып айтайын – Витастың мүмкіншілігі Димаштың дауысының жанында түк те емес.

Ол Ақтөбе музыкалық училищесін классик ретінде оқып шықты, ол жақта эстраданы оқытпайды. Сондықтан, бүгінде Димаш көш басындағы әншіміз. Оның қасына ешкімді қойып, салыстыруға болмайды”, – деді ол.

Біздегі қалған жұлдызсымақ әншілер Димаштың маңына да жақындай алмайды

– Димашты Витаспен салыстыру білімсіздік. Витасты тыңдап көріңіздер, ол өз даусымен айтқанда арғы жағында ештеңе жоқ екенін байқайсыз. Оның даусы фальцет, дамыған фальцет қана, осы мүмкіндігін қолданып қана жүр.

Таяуда Витастың продюсері әндерін айтуға тыйым салды деп естідім, бұл дегеніңіз олар бәсекелестіктен қорқып отыр деген сөз. Ал меніңше, бұл конкурста Димаш жеңімпаз атанады”, – деп болжады әртіс.

Оның айтуынша, қытайлық байқауда дыбыс режиссерлері ешқандай да сиқыр жасап отырған жоқ.

“Димаштың диапазоны төрт октаваға кең. Одан да жоғары болмаса. Кәсіп иесі ретінде айтайын, бізде дарынды, музыкалық дарыны бар деген термин бар. Адам ән салғанда ол жайлы “жанымен айтты”, “жылуы сезіледі” деп жатамыз. Бұл музыкалық деп аталады. Бұл қасиет барлығында бар деу қиын. Яғни адамның дауыс мүмкіншіліктері көп болуы мүмкін, бірақ оны тыңдап көрсең, құрғақ, жатаған болып шығады. Ал Димашта барлығы да бар, 22 жасында сахнаға дайындықпен шығып жүр. Яғни ол не жайлы ән айтып жатқанын білетін әнші. Бұл – өте құнды. Біздегі қалған жұлдызсымақ әншілер Димаштың маңына да жақындай алмайды”, – деді ол.

“Славян базарында” бас жүлде алған Димашты дұрыстап ұлықтай алмауымыз – біздің әділетсіздік

Кесоглу Құдайбергеновті бұрыннан білетінін, шығармашылығын шолып жүргенін де айтып отыр.

“Мен Димашты бұрыннан білемін, елді шалқасынан түсіретін сәтін күтіп жүрмін. Бірнеше жыл бұрын Астанада түрлі концерттерге қатыстым, сол кезде ол да болған. Сол уақытта-ақ оған назар аудардым. Кейін концерттердің бірінде әңгімелестім. Сұхбаттарымның бірінде Димаш Құдайбергенов деген жас жігіттің барын, оның “Славян базарында” нағыз дүмпу туғызғанын айтқанмын. Бұл деген керемет жетістік қой.

Біздің әншілердің бір де біреуі “Славян базарында” бас жүлде алмаған. Ал Димаш жұлып алды. Бұл керемет оқиға назардан тыс қалды. Меніңше, бұл – әділетсіздік”, – дейді Лаки Кесоглу.

“Соңғы рет қаңтардың 9-ында Астанадағы концертте ән айттым, ол да болды. Грим бөлмесінде әңгімелескенімізде ол Қытайға бара жатқанын айтты. Бірақ сол кезде қандай конкурс екенін білмедім, енді міне, естіп жатырмын, Youtube хостингінен көрдім, дәл осындай жағдай болуы керек еді деп ойлаған едім. Ол – өте дарынды. Табиғатынан, Құдайдың берген дарыны, вокалы ерекше, мұндай дауыс сирек кездеседі. Ең бастысы ол мақсатына берік, әнмен өмір сүреді, мамандығын сүйеді”, – деп қорытты сөзін Лаки Кесоглу.

https://www.youtube.com/watch?v=wGLAh5fxnv0

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз