Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Димаш коронавирустың салдарынан өзінің әлемдік ән сапарын тоқтатты

1371
Сурет: әлеуметтік желі

Бұл шешімге әлемдегі коронавирус пандемиясына қатысты жағдай себеп болған.

«Құрметті Dears!
«Arnau Tour» әлемдік туры аясындағы концерттер кейінге қалдырылғанын өкінішпен хабарлаймын.
Коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттерім тоқтатылып, басқа уақытқа жоспарлануда. Қабылдаушы тараптармен келісіліп, концертердің өтетін күні анықталған соң, алдын ала жарияланады.

Мен сіздің маған құрметіңіз бен ықыласыңызды жоғары бағалаймын және сіз де мен сияқты концерттерді асыға күткеніңізді білемін.

Бірақ дәл қазіргідей қиын кезеңде біз ең алдымен денсаулығымызды қадағалап, барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек.

Жақын арада біз сіздің денсаулығыңыз жақсы, көңіл-күйлеріңіз керемет болатынына сенімдіміз.

Басымыз аман, бауырымыз бүтін, төрт құбыламыз тең болсын!»

— деп жазды Қанат Айтбаев.

Сурет: әлеуметтік желі

Димаш әнімен украиналықтарды жылатты

«Кохаемо, Димаш!» — украиналықтар Димашқа гетман күшінің нышанын сыйлады

 

Айта кетейік, 10 наурыз күні Димаш Құдайберген Украинаға келді. Кумирлерін асыға күткен украиналықтар мұқият дайындалған екен, тіпті әуежайдың диспетчері Димашты «Димаш Құдайберген, Киев қаласына қош келдіңіз!» деген қазақша хабарламамен қарсы алды, деп хабарлайды dimashnews.com.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз