Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

«Кохаемо, Димаш!» — украиналықтар Димашқа гетман күшінің нышанын сыйлады

786
Сурет: 365 info.kz коллажы

Дереккөздің мәлімдеуінше, тыңдармандар Димашты Қазақстан мен Украинаның жалауын ұстап, әншіге шын көңілмен ұсынғысы келетін гүлдері мен сыйлықтары алып, ерекше құрметпен қарсы алған.

Сурет: dimashnews.com.

Көпшіліктің ішінен «Дайдидау әні 8 жылдан кейін Украинаға оралды!» деген жазуы бар үлкен плакат ұстағандар бірден жас әншінің назарын аударған көрінеді.

Сурет: dimashnews.com.

Әншінің адал жанкүйерлері Димашқа гетман күшінің нышаны бар салтанатты күрзі сыйлады.

«Сіздің әніңіз бен даусыңыз біздің жүрегіміз бен санамызды жаулап алды. Ешқашан өшпек емес. Бұл күрзі біздің сізге деген риясыз көңіліміздің белгісі болып қалсын», – деп жанкүйерлері Димашқа өз сыйлықтарын ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, жақында әнші Лара Фабианның сөзіне жазылған — Your Love әнін көрерменге ұсынды. Кремльде өткен Валентин Юдашкиннің шоуында әннің тұсауы кесілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз