Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Димаш Қытайда “Титаниктің” әнін орындады (видео)

324

Димаш Қытайдың Хайнань аралында өтіп жатқан кинофестивальде атақты Селин Дионның орындауындағы «My Heart Will Go On» әнін сахнаға алып шықты.

«Джеки Чан бастаған бірінші халықаралық кинофестивальдін қызыл кілемінде. Хайнань», – деп жазады әнші өзінің инстаграмдағы парақшасында. Сондай-ақ ол «Сахна – менің жаным демалатын орын», – деді.

Тыңдармандар Димаштың бұл әнді орындауын өз деңгейінде орташа деп бағалаған. Бірақ соның өзіне ұлы әнші танылған Димашқа ешкім жете алмайтынын жеткізген. Мүмкін уақыт тығыз боп кеткен шығар деп түсіністікпен қарағандар да болды. Кейбіреуі түпнұсқадан ауытқыған жерін қабылдай алмай жатқандарын да айтты. Бірақ Димаш кез келген әнді әрқашан өзіндік орындауда басқаша жандандырып, тіпті керемет қып жіберетін қасиетке ие. Бұл жолы да солай болды!

Еске салсақ, Димаш Құдайберген Қытайдың Санья қаласында «Әлем аруы-2018» байқауының финалында қазақ тіліндегі «Ұмытылмас күн» атты әнін шырқады. Біз бұдан бұрын Димаш Құдайбергеннің биылғы «Әлем аруы» байқауында өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз