Наурыз айында әртіс Кремльде 2 жеке концертін береді.
“Біз Димаш жеңеді деп үміттенеміз. Димашқа көптеген ұсыныстар келіп түсіп жатыр. Алайда, концерттер беру, әлемдік турға шығу оңай емес. Димаш жалғыз емес, оның жанында музыканттар, хореографиялық ансамбль бар. Олардың барлығы мұқият дайындықты талап етеді. Алдымен Мәскеуде, кейін Астанада концерт өтеді. Канадада, Кореяда, Түркияда, Қырғызстанда, Өзбекстанда және ТМД-ның көптеген елдерінде концерт ұйымдастыру туралы ұсыныстар келіп түсті. Бірақ биыл ол барлық жерге барып үлгермейді”, — деді Светлана Айтбаева.
Естеріңізге сала кетейік, алдымызда Димаш Құдайбергеннің Кремльде 22 және 23 наурызда өтетін екі жеке концерті бар. Билеттер санаулы күндерде сатылып кеткендіктен, қатарынан екі концерт беруге шешім қабылданды.