Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген жас әнші Димаш Құдайберген кезекті жүлдесіне қол жеткізді.
Бұл жолы Димаш Қытай астанасында өтіп жатқан «Fashion Night Gala» марапаттау рәсімінде «Инновация заманының лидері» атағын жеңіп алды.
«Достар, сүйіншіммен бөлісуге рұқсат етіңіздер! Сіздердің дұғаларыңыздың арқасында «Fashion night gala» марапаттау рəсімінде «Инновация заманының лидерi» деген атаққа ие болдық. Қолдауларыңызға, әрдайым мен үшін беріп жүрген дауыстарыңызға рахмет!», – деп жазды әнші Инстаграмдағы парақшасында.