Димаш Құдайберген Голливуд жұлдызы Николь Кидманмен бірге қызыл кілеммен жүріп өтті.
Бұл туралы әнші Инстаграмдағы жеке парақшасында жазып, сурет орналастырды.
Ол жариялаған суретінің астына Николь Кидманмен бірге қызыл кілемде жүріп өткенін жазған.
https://kaz.365info.kz/atakhty-dzhek-ma-dimash-khydajbergenge-syjlykh-zhasady-288691
«Қайта қауышқаныма қуаныштымы, Джек мырза. Шақырғаныңызға рахмет!», – деп жазды әнші.
Одан бөлек, Димаш Құдайберген америкалық атақты репер Уильямс Фаррелмен де түскен суретін желідегі жеке парақшасында жариялады.
Фанаттар Димаштың қайда жүргенін білгісі кеп желіде сұрақ жаудырған. Бірақ ол мұның құпия қалғанын жөн көрген секілді.
Өйткені сауалдарға жауап берілмеді.
Дегенмен шетелдік БАҚ-тар оның қайда жүргенін біліп қойыпты.
Шетелдік БАҚ-тарда келтірілген дерекке сүйенсек, Димаш атақты адамдармен Қытайда өтіп жатқан халықаралық сауда фестивалінде бас түйістіріп, бірге өнер көрсеткен. Дәстүр бойынша 11-қарашада Қытайда сүр бойдақтар мерекесі атап өтіледі. Осы күннің құрметіне жылда қытайдағы ең бай адам Джек Ма сауда күнін ұйымдастырады екен.
Айта кетелік, бұдан бұрын Димаш Құдайбергенге байлығы 32 млн долларға бағаланатын «Alibaba Group» қытайлық алпауыт интернет-компаниясының басшысы, әлемдегі ең бай адамның бірі – Джек Маның өзі сыйлық тарту еткен болатын.
https://kaz.365info.kz/olar-meni-oltiruge-tyrysady-majkl-dzheksonga-khatysty-sensatsiyalykh-malimdeme-zhasaldy-261445