Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Өзбекстанда девальвация күтілуде: валютаның қара нарығымен қош айтыспақ

157

Бұл құжаттың негізгі мәні — ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты бағамын тек нарықтық механизмдерді пайдалану арқылы белгілеу.

Аталмыш құжат елде Өзбекстан президенттігіне үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихаты жүріп жатқан шақта қабылданды.

Қазір банк операциялары мен өзбек сумын шетел валютасына ауыстыру үшін рұқсат алу керек. Бұл бизнеске үлкен кедергі келтіруде, бұдан туристер мен елдегі қарапайым халық зардап шегуде. Содан болар, Өзбекстанда ресейлік капиталы бар небәрі 800 фирма жұмыс істейді. Қазақстанда ондай фирмалар саны 20 мыңға жетіп жығылады.

Өзбекстанның валюта нарығы

Өзбекстан — ТМД кеңістігінде валютаны конвертациялаудың үш бағамы қолданылатын жалғыз ел

  • Өзбекстан Орталық банкінің бір долларға шаққандағы бағамы 3239.62 сум.
  • Қолма-қол емес валюта бағамы бойынша, (нақты импорттаушылар мен экспорттаушылар арасында қолма-қол емес сумды сату және сатып алу) – бір доллар 9100-9500 сум аралығында.
  • Қолма-қол валюта бағамы бойынша, бір доллар шамамен 6500-6600 сумға тең.

Бұдан бөлек, экспортерлердің валюталық түсімінің 50 пайызын міндетті түрде Орталық банктің бағамымен сату сияқты құрылымдық шектеулер бар. Валюталық түсімнің қалған бөлігін пайдалануда елеулі шектеулерге толы.

Валюта нарығын ырықтандыру деген нені білдіреді?

Жаңа заңға сәйкес, елден 10 мың долларды еркін алып шығуға болады. 2 мың долларға дейінгі соманы декларациялаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ тауарды валютаға пластикалық карточкалардың көмегімен сатып алуға рұқсат беру жоспарлануда.

Бизнес үшін шетелдіктермен валюта айырбастауға және сауда жүргізуге салынған шектеулер алынады. Заң жеке кәсіпкерлерге тауарды импорттауға және қызметтерге ақы төлеуді заңды тұлға құрмай-ақ төлеуге рұқсат етеді.

Экспорттаушылар мен импорттаушылар ішкі нарықта валюта сатып алу құқығына ие болады. Шетелдік фирмалар үшін де үлкен мүмкіндіктер ашылуда — Өзбекстанның бейрезиденттері ел банктерінен есеп-шот аша алатын болады.

Ең маңыздысы — енді валюта түсімі міндетті түрде сатуға жатпайтын болады

Дегенмен бұл шара біртіндеп енгізілетін болады — валюта түсімін міндетті түрде сатып алатын тауарлар мен қызметтер тізімі бар. Мемлекет бұл тізімді «толық жойылғанша» қысқартатын болады. Алым-салымдарды бұрынғыдай суммен төлеу керек болады. Ал дивиденттер мен кірісті шетелдік валютамен төлеуге рұқсат етіледі.

Сум девальвацияны күтуде

Сарапшылар қауымдастығы бұл заңды әртүрлі бағалап отыр: пессимистер де, оптимистер де бар.

Навруз Хуррамов, қаржылық сарапшы:

— Бұл Өзбекстан экономикасының дамуына елеулі серпін тудырады, валюта саясатын бұлай ырықтандыру және экономикада валюталық реттеудің тиімді нарықтық механизиміне көшу соншалықты ауыр бола қоймас деп болжай аламыз. Әдетте, мұндай көшу валюталық бағамның уақытша күрт ауытқуларына, сондай-ақ банк және биржалық және айырбастамалық операцияларға толы болады. Күшті серпіліс алу үшін Өзбекстан экономикасы құрылымдық өзгерістерге мұқтаж.

Рафаэль Саттаров, саясаттанушы:

— Ел терең тоқырауға ұрынған, жүйені қайта іске қосу үшін инвестициялар қажет. Кез келген жібі түзу өндіруші экономиканың мұндай моделіне қаржы құймайды, ендеше, билік конвертацияға, сондай-ақ валюталық операцияларды ырықтандыруға жол ашуы керек.

Оларсыз сум өз құндылығынан айырылады, яғни, экономика тұрпайы күйге түседі

Бұл жүйенің авторлары оны жүзеге асыруға қаншалықты дайын? Бұл туралы айту қиын, өйткені олар валюталардың берекетсіздігін тудырды.

Юлий Юсупов, экономикалық тәуелсіз сарапшы:

— Шамасы, ақыры, ұлттық валютаның еркін конвертациясы енгізілмек.

Ресми бағам девальвацияланады

Тепе-теңдік бағам бір долларға шаққанда 5000-7000 сум аралығында белгіленетін болады (Орталық банк пен үкіметтің басқа әрекеттеріне сәйкес). Валюталық несиелері бар банктер мен кәсіпорындар, сондай-ақ ресми конвертацияға қол жеткізе алатын ипорттаушылар зардап шегетін болады.

Жалпы экономика ұтатын болады.

Дереккөзі: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз