Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
10
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Депутаттар Шахандағы зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақысын аударды

112

Қазақстан Парламенті мәжілісінің депутаттары бір күндік жалақыларын Шахан кентінде үйдің құлау салдарынан зардап шеккендерге аударады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.

“Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім еткендей, палата бюросы Қарағанды облысының Шахан кентінде орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккендерге көмек қорына Мәжіліс депутаттарының бір күндік еңбек жалақысын аудару туралы қаулы қабылдады”, — делінген хабарламада.

1-қаңтарда Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Жалпы 15 пәтер зардап шекті. Үйдің аман қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні тазалауға кірісті.

Соңғы деректерге сәйкес, 9 адам қаза тапқан: үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби. Екі адам ауруханаға жатқызылды. 2 қаңтар 13:00-де үйіндіні тазарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз