Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова тоғызқұмалақ ойынының тарихи атауы «Тоғызатты» қайтаруды ұсынды.
Депутаттың сөзінше, бұл ойынды негізінен қазақ және қырғыз халқы ойнайды. Бүгінде оның негізгі 2 атауы бар.
Гүлдара Нұрымова вице-премьер Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.
«Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды. Сондықтан аса маңызды бір мәселе туралы айтқым келеді. Қазақша – тоғызқұмалақ, қырғызша – тоғызкөргөл, түрікше – мангала немесе гечюрме. Қазақстан тарапы халықаралық жарыс өткізгенде, ойынның атын «тоғызқұмалақ» десе, қырғыз тарапы «тоғызкөргөл» дейді. Осылайша, түркі халықтарының бір ойыны әлемдік аренада екі түрлі аталады. Қазақша – тоғызқұмалақ, қырғызша – тоғызкөргөл, түрікше – мангала немесе гечюрме. Қазақстан тарапы халықаралық жарыс өткізгенде, ойынның атын «тоғызқұмалақ» десе, қырғыз тарапы «тоғызкөргөл» дейді. Осылайша, түркі халықтарының бір ойыны әлемдік аренада екі түрлі аталады», – деді депутат.
Депутаттың пайымдауынша, Гүлдара Нұрымова тоғызқұмалақ атауын өзгерту керек деп санайды.
«Ғалымдар мен зерттеушілердің пікірі бойынша, бұл ойынның жалпытүркілік атауы бар – тоғызат. Бұл туралы XIX ғасырда этнограф Григорий Загряжский еңбегінде ойынның атауын «тоғызат» деп жазған. Осылайша, тоғызқұмалақтың бұрынғы атауы «Тоғызат» екенін білдіретін Қарақалпақ және Қырғыз елдеріндегі ойындардың атауынан кездестіруге болады. Осы деректі ескеріп, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары басталғанға дейін жалпы түркіге ортақ зияткерлік спорт атауын «Тоғызат» ортақ нұсқамен қалыптастыру шараларын қолға алуды ұсынамыз. Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы, Ұлттық спорт қауымдастығы, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының қатысуымен біріккен шешім қабылдағаны дұрыс болады», – деді ол.