Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Депутат атыраулық жалғызбасты әкеге үй алып берді

Ол өзі екі жерде еңбек етіп, балаларын асырап жүрген әкенің тағдырына, балалардың болашағына алаңдап, жетімдер үйінде өскен әкеге үй алып беруді жөн көрген. Ал оның ниетін қолдаған танымал депутат Қайрат Құдайберген әріптесі сыйлаған үйді толық жиһазбен қамтып, жалғызбасты әкенің қуанышына қуаныш қосқан.

“Жалғызбасты әкенің тағдыры туралы естіген күннен бастап менде маза кетті. Әрине басқа түссе баспақшыл, адам бәріне көнеді. Бірақ сенері,сүйенері жоқ,басында ең болмағанда баспанасы жоқ ер адам төрт баланы жалғыз қалай бағады?! Қыздары бойжетіп қалған.Ұлдары шиттей. Олардың болашағы не болмақ?!

Балаларым жетімдік көрмесін деп жүрген жан олардан айырылып қаламын деп қорқады екен. Сол себептен тиісті инстанциялардан көмек сұрамай келген. Жолдасыммен ақылдаса келе оған балаларымен емін-еркін өмір сүретін үй алып беруді шештік. Лайықты баспана іздестірдік”- деген сан сұрақ санамды биледі дейді депутат.

Жалғызбасты әке баспаналы бола сала, қайырымдық ісі жалғасын тапқан. Атыраулық әкенің тағдырын естіген Қайрат Құдайберген де әріптесінің игі ісіне қосылып, жаңа үйді қажетті жиһаздармен толтырған екен.

“Қайрат аға бір мезгілде екі балабақшада жұмыс істеп 4 баланы (2 қыз және 2 жас ұл) жалғыз өзі асырап, өсіреді. Біз оған келгенде, ол біздің не үшін келгенімізді де білмей, біраз абыржып қалды. Ол әлі де паспаналы болғанына, адамдардың мейіріміне сене алмай отыр.

 

Біз дастархан басында отырғанда, ол жылап жіберді. Артында бәрі көзіне жас алды. Әлібек Семғалиев оған тек үй ғана емес, оның өмірі және балаларының өмірі басқаша болуы мүмкін деген үміт сыйлады.

Ал, мен өз атымнан және Алматы қаласындағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық корпусының атынан жаңа үйдің ішін жиһаз бен барлық керек-жарақтарға толтыруды шештім. Қайрат ағаға диван, төсек, шкаф, балалар сабақ оқитын үстел және тоңазытқыш сыйға тартылды”,- дейді Қайрат Құдайберген.

“Алдыңғы посттарымның бірінде ата-бабамыздан қалған қайырымдылық пен ұйымшылдыққа баулитын Асар дәстүрін жаңғыртсақ, бітпейтін шаруа, шешілмейтін мәселе болмайтыны туралы жазған болатынмын.

Мұның айқын дәлелі – кеше баспаналы болған Қайрат бауырымыздың үйінің әп-сәтте көрпе-көншек, жиhазға толып, қазанында еті қайнап, жеті нанының пісірілуі. Қайрат еңбек ететін балабақша ұжымы қажетті төсек орнын әкелсе, енді бір ұжымы қойын сойып, дастарxанын жайнатты.

Ал алматылық азамат,әріптесім Қайрат Құдайберген су жаңа жиhаздармен әр бөлмені жаңғыртты. Алла разы болсын сіздерге! Еңсесін көтеріп, мың

бейнеттің бір зейнетін көрген отбасынан құт-береке арылмасын!”,-деді Әлібек Семғалиев.

 

Дерек көз: Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз