Денсаулық сақтау министрлігі вирус жұқтырған екі қазақстандықпен соңғы уақытта араласқан адамдарды іздестіруде, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Байланысқа түскендерді анықтап, олардың денсаулығының жағдайы туралы ақпара жинағаннан кейін, қажет болса тексеру жүргіземіз”, – дейді министр.
“Біз олармен бірге ұшқан жолаушыларды анықтадық. Осы бортта кімнің ұшқанын білеміз, оларды оқшаулап, жағдайын анықтаймыз. Сондай-ақ олардың да кіммен байланысқа түскенін анықтаймыз, санитарлық қызмет мамандары осындай тізбек алгоритмі бойынша жұмыс істейді”, -деп толықтырды Біртанов.
Қазақстанның екі азаматында коронавирус анықталды
Бұған дейін Біртанов Қазақстандағы коронавирус жұқтырған екі азамат (1974 жылғы ер адам мен 1984 жылғы әйел адам) туралы хабарлаған болатын. Науқастардың екеуі де Алматыда, олардың жақында Германиядан келгені анықталды.