Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-16
USD
432
0.00
EUR
486
0.00
RUB
5.69
0.00

Денсаулықтары зорыққан Березовка ауылының тұрғындары басқа жаққа көшіріле бастады

111

Қазір компания Батыс Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар ірі жобаны жүзеге асырып жатыр.

– Бүгінгі таңда осы мақсаттарға бағытталған инвестицияның жалпы көлемі 300 млн доллардан асты. Жыл сайын әлеуметтік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 20 млн доллар қарастырылады. 2014-2016 жылдар аралығында Бөрлі ауданында осыған ұқсас жобаларды жүзеге асыруға жылына қосымша 10 млн доллар бөлінді, – деп мәлім етті «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының бас директоры Ренато Мароли.

Естеріңізге салып өтсек, 2014 жылы қараша айының соңында Березовка ауылында мектеп оқушылары жаппай уланды. Балалардың жүрегі айнып, басы айналып, ұйықтап қалатын болған. Тұрғындардың дені мұны Қарашығанақ мұнай-газ кен орнынан ауаға тарайтын зиянды қалдықтармен байланыстырды. Дәрігерлер уланған балаларға “зорығу” деген диагноз қойған болатын.

Осы оқиғадан кейін Березовка мен Бестау ауылдарының тұрғындарын Бөрлі ауданының Аралтал ауылы мен Ақсай қаласына қоныстандыру туралы шешім қабылданды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз