Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Денис Тен Илья Ильинге қолдау білдірді

«Илья, біз сенімен біргеміз!», – деп жазды Денис Инстаграмдағы парақшасында.

Ол жазбасына Илья Ильин және Серик Сапиевпен бірге түскен суретін орналастырды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлеттердің – Лондондағы 2012 жылғы Олимпиада ойындары жеңімпаздарының допинг-сынамаларының екінші сараптамасының нәтижесін өз сайтында жариялады.

Онда қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова, Майя Манеза, Илья Ильин және Зүльфия Чиншанлоның қанынан тыйым салынған дәрілік зат станозолол табылғаны айтылады. Ережелерге сәйкес, допингке қарсы ережелерді бұзған спортшыларды Федерация олардың үстінен қозғалған істі жапқанша спорттан шеттетеді.

Бұл мәселеге қатысты кеше ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеме жасады. Министрдің айтуынша, қазақстандық төрт атлетшінің халықаралық жарыстардан шеттетілуі уақытша шара. Ал түпкілікті шешім Халықаралық олимпиада комитетінің қорытындысынан кейін ғана қабылданатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз