Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Денесіндегі артық майды алдырам деп ота жасатқан келіншектің өліміне қатысты сот басталды

17 жастағы қызды екі ағасы төсегінде өлтіріп кетті

2016 жылы Украина азаматы Дана Агамырадова денесінің белгілі бір бөлігінен май алып тастау үшін Алматының жекеменшік емханасында липосакция жасатады. Ол достарының кеңесімен Қазақстанға арнайы ұшып келіапті. Алайда отадан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, емханада көз жұмған. Марқұмның Дубайда тұратын туыстары жұмысына салғырт қараған дәрігерді ақ халат кию құқығынан айыру керек деп отыр.

“Бізге дәрігерлер қайғырып, көңіл де айтпады. Ешкім жазаланбады. Ол хирургтың тағы қанша адамның өліміне себепкер болатынына ешкім кепілдік бермейді. Өз жұмысына жауапсыз қарайтын мұндай мамандарды медицинаға жолатпау керек. Біздің мақсатымыз мақсатымыз – бұл дәрігердің жұмысын тоқтату”,деді Д. Агамырадованың әпкесі.

Жақындарынан айырылған Дана Агамырадованың туыстары дәрігер тиісті жазасын алады деген үмітте. Алайда алғашқы сот тыңдалымында айыпталушы Дмитрий Писарев өз кінәсін мойындаған жоқ. Тіпті, адам өміріне қатысы бар делінген дәрігер еліміздің ең мықты емханаларының біріне қызметін ауыстырған. Қазір ол әдеттегідей  хирург болып, ота жасауын жалғастыруда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз