Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
16
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Дәрігерлер қаралып жүрген емханаңыз көңіліңізден шықпаса не істеу керектігін айтты

Мамандар мүмкіндігінше таңдалған емхананың үйге жақын болуы дұрыс екенін атап өтті. Себебі, үйде біреу ауырып, өзін жайсыз сезінген жағдайда дәрігерлердің жедел көмек көрсетуіне, жедел жәрдемнің уақытылы жетуіне жағдай жасайды. Мұнымен қатар, дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту үшін тіркеле алатын адамдар саны шектелмек. Бұдан былай жалпы практика дәрігеріне ең көп дегенде 1 700 адам ғана тіркеле алады. Ал осы уақытқа дейін бір дәрігер 2 000 адамға дейін қызмет көрсететін.

“Осы өзгеріс жаңа учаскелердің ашылуына себеп болады деген үміттеміз. Сондай-ақ, осы мәселеге бизнес өкілдері назар аударса нұр үстіне нұр болар еді. Былтырғы жылдың өзінде қормен келісімшарт бекіткен жеткізушілер саны едәуір артты”, — деді МСҚ стратегия және әдіснама жөніндегі басқарушы директоры Серік Тәңірбергенов.

Қазіргі таңда қордың жеткізушілер тізімінде 1 365 медициналық ұйым бар. Оның 623-і — жекеменшік иелері. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Ал 2019 жылы олардың саны 10%-ке артады деген болжам бар.

“Азаматтар үш түрлі жолмен, яғни таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режимде және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады”, — деді МСҚ медициналық көмекті пайдаланушылармен жұмыс және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Забира Оразалиева.

Емханаға тіркелу үшін жеке куәлік пен бас дәрігердің атына жазылған өтініш талап етіледі. Ал egov.kz порталы арқылы тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Қызметтің нәтижесі өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін пайдалануға болады.

Ал халықты тіркеумен айналысатын емханалар тізімі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтындағы “Клиника таңдау” бөлімінде орналасқан Биылғы тіркеу науқанына бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 580 ұйым қатысып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз