Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Данияр Елеусінов әйелінің тұмшаланып жүретінін сынайтындарға жауап берді

101

“Иә, менің әйелім орамал тартады, оранады. Былайша айтқанда ислам жолы және ата-бабамыздың дәстүрі бойынша жабық жүреді. Себебі ол Құранда бар нәрсе. Дініміз ислам, өзіміз мұсылман болғандықтан, біз оған қарама-қайшы келе алмаймыз. Арабтың киімін киіп жүр дейтіндей қап-қара киініп жүрген жоқ”, – деген Даниярдың “қазақтар тұмшаланбаған” деп пікір білдіретіндерге жауап қатты.

“Ешқашан біздің қыздарымыз ашық-шашық жүрмеген. Қазақ қызын ерте 14-15 жастарында күйеуге берген, ал тұрмыс құрған әйел орамал тартқан. Ол жайдан-жай емес, некедегі әйел дегенді білдірген. Біз Құранды қабылдағаннан кейін, оның шарттарын да қабылдап, орындауымыз керек қой. Осы «Оранады, өйтеді, бүйтеді, сөйтеді…» деген адамдардың арасынан өзінің ата-дәстүрін ұстанып жүргендердің біреуін көрген жоқпын. Сөздің шыны керек, сол сынға алатындардың өздері ата-дәстүрді ұстамайды. Дәстүрді ұстап, қазақи киініп жүрсе мен де келісер ме едім..? Сондықтан мені олар сынауға тиісті емес деп есептеймін. Менің әйелім ашуға болмайтын жерлерін жауып жүр. Әрине әркімнің өз пікірі бар. Бірақ қазақ қыздарының ашық-шашық жүрмегенін нақты білемін”, – дейді ол.

Данияр сонымен қатар кезінде ел арасында желдей ескен көркем гимнастшы Анна Алябьева ара-қатынасы туралы да сұраққа жауап берді.

“-(Күліп) Аннамен біз жақсы доспыз. Ол кезде де дос болатынбыз. Екеумізге әке-шешеміз қарсы болды деген рас нәрсе емес, шындыққа жанаспайды. Енді ол кезде жаспыз, бәлкім балалықпен болса болған шығар. Бірақ достықтан аттап кеттік деп айта алмаймын”, – деп ойын түйіндеді боксшы. 

 

Дереккөз: Nur.kz 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз