Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Данияр Ақышев Ұлттық банктің неге қауқарсыз екенін айтты

Қаржы секторында болып жатқан оқиғалар мен Ұлттық банктің рөліне тоқталған Данияр Ақышев өз кезегінде ойын былайша өрбітті:

«Біздегі банк секторын сауықтыру жұмысы көпке оңайға тимейді. Өйткені бұл іс акционерлер тарапынан қосымша капитал құюды талап етеді немесе осы нарықтағы басқа ойыншылармен қосылу керек. Осыған байланысты Ұлттық банк банк секторын сауықтыру бойынша қолға алынатын кешенді шараларды әзірлеуге кірісті.

Рас, қазір Ұлттық банк қаржы секторындағы жағдайға шұғыл әрекет етіп, шешім қабылдауда қауқарсыз. Сол үшін пруденциальды нормативтерді қайта қарау керек. Банк заң бұзушылық тіркелмеген жағдайда банктен ақшалардың бұзып алуы фактісін бақылап, оны тіркейді, бірақ бұл операцияларды тоқтатуға құзыреті жеткіліксіз. Әрине, салымшылардың ақшасын қорғау қажет қой. Осыған байланысты Ұлттық банк қаржы саласында мәселе орын алмай жатып дағдарыстық белгілерді анықтап, оның алдын алу бойынша жұмысты күшейтуді жоспарлайды» – деді өз кезегінде Данияр Ақышев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз