Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
13
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

«Даму» қоры жыл басынан 115 мың адамға қызмет көрсеткен

Марат Назаров, кәсіпкер:

-Бизнесті ашқаннан кейін де табысын әлі көре қоймаған, бизнесті енді ашқан кәсіпкерлерге тегін қызмет көрсеткендері жақсы екен.

Бүгін ел бойынша қор филиалдарында ашық есік күні өтіп, басшылар қызмет көрсетті. Олар халыққа қандай қызмет қажет екенін білгісі келеді. Күнкөріс қамын бизнестен іздегендер заңгерлер мен есепшілерге көп жүгінеді екен. Экспорт-импорт, кедендік заңнамалар жайлы сұрайтындар көп.

Қаныш Төлеушин, «Даму» қорының басқарма төрағасы:

-2006-2012 жылдан бастап, қазірге дейін біз 500 мыңнан астам қызмет көрсеттік. Даму-Оптима, Даму-блиц, факторинг, франчайзинг секілді бағдарламаларды ұсындық. Бүгінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары «Жаңа бизнесті ашуға қолдау көрсету» оқу жобасын жүзеге асыруда.

Жыл басынан 115 мың адамға көмектескен қор 114 мың жанға бизнес саласында дәріс беріпті. Биыл 6 500 кәсіпкерге 250 млрд теңге несие берілмек. 1,5 мыңы субсидия алған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз