Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Дәмеленбеңіз!”. Астана әкімдігі беріліп жатқан жер туралы ақпараттың “фейк” екенін айтты

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде (WatsApp, Facebook, Instagram және т.б.) Астанада жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу басталғаны туралы вирустық ақпарат таратылуда, бұл шындыққа сәйкес келмейді.

Алаяқтық фактілеріне және ақпаратты қате түсінуге жол бермеу мақсатында Астана қаласының әкімдігі халықты орталық мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарының хабарламаларына ғана сенуге шақырады.

2006 жылдың тамызынан бүгінгі күнге дейін жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін алуға кезекке 117 мың азамат тіркелген. Тиісінше, бұған дейін жер телімін алуға өтініш берген және арнайы есепте (кезекте) тұрғандардан қайтадан кезекке тұру қажет етілмейді, өйткені олардың кезегі сақталады.

Кезек туралы мәліметтерді электронды әкімдіктің e.astana.kz және www.uzo.astana.kz сайтынан “Жерге кезек нөмірін іздеу” тарауынан білуге болады.

Қала билігі азаматтарды әлеуметтік желілердегі осындай ақпараттарға сақтықпен қарап, “фейк” ақпарат туралы қала әкімдігіне немесе құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз