Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Дайындық пысықталды!”. Еліміздің Қарулы Күштері дабыл бойынша көтерілді

Әскерилер аталған аймаққа әртүрлі жолмен барады — өз жолымен, теміржол транспортымен және әскери-транспорттық авиациямен. 

Әскерлер батыс аймаққа жаяу және теміржол көлігімен, сондай-ақ әскери-көлік авиациясының ұшақтарымен аттанды.

Ал «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысына әскерлерді оқу-жаттығу өтетін орынға орналастыру және оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін «Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтарының, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің келіп жатқан бөлімдері мен бөлімшелерін ескере отырып, топтарды құру тапсырмасы жүктелді.

Қазақстанның Қарулы Күштері дабыл бойынша көтерілді

Майдандық және шабуылдау авиациясы – әуе айлақтарда, ал әскери авиация далалық тікұшақ айлақтарында шоғырланды. Әскери-теңіз күштерінің топтамасы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің кемелерімен және катерлерімен күшейтілді.

Сонымен қатар, шалғайдағы шекара заставалары жалпыәскери бөлімшелермен күшейтілді.

Оқу-жаттығуға Құрлық әскерлерінің, Әуе қорғанысы күштерінің, Әскери-теңіз күштерінің, Арнайы операциялар күштерінің, арнайы әскерлердің, материалдық-техникалық қамтамсыз ету бөлімдері мен мекемелерінің, ҰҚК Шекара қызметі бөлімшелерінің, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті және Ұлттық ұланның 5 мыңнан астам әскери қызметшісі қатысуда.

Айта кетелік, Батыс-2018″ штабтық-командалық жаттығулардың стратегиясымен қорғаныс министрлігінің бірінші орынбасары Мұрат Майкеев айналысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз