Он бес жастағы бозбала мен бойжеткен Псков облысының Струги Красные ауылында полицияға қарсы оқ атты. Одан соң бозбала әуелі қызды, одан соң өзін атып өлтірді.
Денис М. және Екатерина В. ауылдағы үйдің есігін іштен құлыптап алып, қару сақталған сейфті бұзған. Полицияны бойжеткеннің анасы шақыртқан. Шақыртумен келген полицияға оқушылар оқ атқан. Бұл әрекеттерін олар видеоға түсіріп, “Перископ” желісі арқылы тікелей эфирге таратқан.
Жасөспірімдер тоғызыншы сыныпта оқитын. Қайғылы оқиғадан үш күн бұрын олар ата-аналарынан қашып кеткен.
