Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Құдайға қараған жан. Ауылына үнемі қарайласатын неміс кәсіпкері бұл жолы мешіт салдырды

Голубовка ауылының әкімі Нұрлан Ахметовтің айтуынша, Ертіс ауданы Голубовка ауылындағы «Абай» ЖШС-нің басшысы Николай Миллер келесі жылы ауылдастарына тамаша тарту жасауды көздеп отыр. Қазіргі таңда қос ғибадат үйінің құрылыс жобасы жасалған. Кәсіпкер Ресейге іссапармен барған кезде мұндай ғибадат үйлерді салудың тиімді жолдарымен танысып қайтқан. Ғимараттардың құрылысымен айналысуға Қазан қаласынан арнайы мамандар келеді деп күтілуде.

Кәсіпкер мешіт пен шіркеу құрылысына өз есебінен 120 млн. теңге қаражат бөлген.

– Кәсіпкер былтыр ауылға бассейн мен тұрғындар демалып отыратын орын салуды бастаған болатын. Құрылыс жұмысы келер жылы аяқталады деп күтудеміз. Сонымен қатар, биыл 4 пәтерлі екі үйдің құрылысы аяқталды. Онда алыс ауылдардан келген жас мамандар тұрады. Жалпы, біздің ауылда 1000-нан астам адам тіршілік кешуде. Оның 200-і осы серіктестікте жұмыс істейді, – дейді Нұрлан Ахметов.

Айта кетерлігі, “Абай” ЖШС-нің басшысы Николай Миллер өзі тұратын Голубовка ауылы тұрғындарының игілігіне жыл сайын 100 млн теңге бөледі. Сонымен қатар, биыл жеке кәсіпкер ауылдың кіреберіс жолын жөндеп, 1954 жылы тың игерушілердің құрметіне салынған саябаққа жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Демалыс орнына жаяу жүргіншілер жолын салып, ағаш отырғызып, электр шамдарын тартқан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз