Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
10
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Дүниежүзі көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы ІІ-орын еншіледі

Алайда, айырқалпақты ағайындар да жеңіске жету үшін бар күштерін салды. Бірінші болып есепті қырғыз спортшылары ашты. Жарыс барысында қазақ спортшысы Әбдуғали Әбжапаров ат астында қалып, ауыр жарақат алды. Кейін ол шұғыл түрде қаладағы ауруханаға жеткізілді.

Осыдан кейін Қазақстан спортшыларының еңсесі түсіп кетті. Қандай шабуылға шықса да жолдары болмады. Ал қарсыластар сауатты қорғанып, қазақ спортшыларының қателігін ұтымды пайдаланып жатты. Қорытынды есеп – 15:3.

Айта кетейік, ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 8 мемлекеттен көкпар командалары қатысқан болатын. Командалар А және Б тобына бөлінді.

Жеребе тарту рәсімінде Қазақстан құрамасы А тобына түсті. Бұл топта АҚШ, Қытай, Қазақстан, Ресей (Краснояр облысы) бар. Ал В тобында Қырғызстан, Түркия, Башқұртстан (Ресей) және Ауғанстан командалары бақ сынады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз