Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

COVID пен тұмаудың күздегі соққысы: тоқтатуға бола ма?

498
Сурет: absoluttv.ru

Қоғамдық денсаулық сақтау саласының  мамандары маусымдық тұмау коронавируспен қатар келген жағдайдағы екі негізгі сценарийді қарастырады.

Бірінші сценарий бойынша  ауруханаларда бос орын болмайды.  Бірге жүретін вирустық инфекциялардың әсері ауыр болуы мүмкін. Нәтижесінде қате диагноздар қойылып, қате ем-шара қолданылады. Бұндай жағдайда өлім-жітім артуы ықтимал.

Екінші сценарий бойынша COVID-19-дың таралуын шектеуге бағытталған шараларды жеңілдету жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін.

Ғылым коронавирустан құтқаруы керек еді, бірақ бізде ғылым жоқ

Сарапшылардың айтуынша, мұнда халықтың басым көпшілігінің әлеуметтік қашықтық пен гигиена талаптарын сақтауы маңызды. Сонда ғана тұмау маусымы жеңіл өтуі мүмкін.

Денсаулық сақтау жүйесі жүктемені көтере алмауы мүмкін

«Қорқыныш сезімдері басым. Себебі тұмау мен коронавирусты емдеуге бірдей ресурс қажет. Бүкіл әлемдегі медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесін атпағанның өзінде, аурухана төсектері, қарқынды терапия палаталары, ӨЖЖ аппараттары, жеке қорғаныс құралдары жеткіліксіз. Мұнда диагностикалық сынақтарға арналған реагенттер де бар»,

— деді Джонс Хопкинс Денсаулық сақтау орталығының аға ғылыми қызметкері Амеш Адаля Axios-ке берген түсініктемесінде.

Екі вирусты қатар жұқтырудың салдары белгісіз

Мамандар COVID-19-дың бірқатар аралас белгілеріне қатысты алаңдап отыр.

«Коинфекцияның қалай көрінетіні белгісіз. Егер адам екі вирусты да жұқтырса, не болатынын білмейміз», — деді Тулейн университетінің қоғамдық денсаулық сақтау және тропикалық медицина мектебінің деканы Томас ЛаВейст CNN-ге берген сұхбатында.

Диагностиканың жетімсіздігі

Маусымдық тұмау мен Ковид-19 белгілері ұқсас болуы мүмкін. Бірақ олар әртүрлі емдеу хаттамаларын қолдануды қажет етеді.

«Шын мәнінде, дәрігерлер өте күрделі шешім қабылдауға мәжбүр болады. Тұмауға ұқсас аурудың өршуіне тап болсақ, біз қандай болжам жасаймыз? Оны Ковид-19 деп қабылдап, ем қолданамыз ба? Бірақ бұл дегеніміз

жақсы жағдайда адамдар қажетсіз карантинге жіберіледі, ал нашар жағдайда оларға қате ем-шара қолданылады дегенді білдіреді»

—  дейді жаһандық денсаулық сақтау бойынша CRDF Global аға техникалық кеңесшісі Джули Фишер Axios-ке берген түсініктемесінде.

2020 күз бен қыстағы жағдайды қалай жеңілдетіге болады?

Мамандардың басым көпшілігі маусымдық тұмауға қарсы жаппай вакцина салу қажеттілігі туралы айтуда.

«Басқа елдер туралы айта алмаймын, әзірге ондай деректер жоқ. Бірақ АҚШ-та жасалған болжамдарға сәйкес биылғы жылы тұмауға қарсы вакцина салатын америкалықтардың саны 20%- ға өсетінін көрсетеді», — деп жазады Nephron Research аға талдаушысы Эрик Першер өз блогында.

«Адамдардың өмірін COVID-тен құтқару үшін қаншама ел инвестиция салуға дайын екенін қараңыз. Біз экономиканың дамуын тоқтаттық, жұмыссыздық деңгейі жоғары, болашақта COVID-дің салдарынан артқан өлім-жітім бізге қымбатқа түсуі мүмкін», — дейді Пенсильвания Университетінің Уортон мектебінің Қаржы профессоры Жюль ван Бинсберген.

Оның пікірінше, кем дегенде мектеп оқушылары мен Ковид-19 бойынша қауіп-қатер тобына кіретін адамдарға міндетті түрде тұмауға қарсы вакцина салу ел үкіметтеріне әлдеқайда арзанға түседі. Коронавируспен күресуге жұмсалған миллиардтаған доллармен салыстырсақ, бұл қаржы оның жанында түк емес.

Қазақстанның бизнесінің үштен бірі әлі күнге жұмыс істеу және қызметкерлерін асырау мүмкіндігінен айырылған

Сарапшылардың айтуынша, осы уақытқа дейін диагностика мәселесін шешу керек еді.

«Суық және тұмау маусымы келгенде және безгек пен жөтел секілді COVID-19-ға ұқсас жалпы белгілері бар аурулар жиі кездесетін болса,  көптеген ел өте күрделі мәселеге тап болады. Бұл әсіресе, тестілеу белгілер негізінде бақыланатын елдерге қатысты», — дейді Фишер.

«Иә, биылғы жылы маусымдық тұмаудың салдары өте ауыр болуы мүмкін. Бірақ менің ойымша, үкіметтердің Денсаулық сақтау жүйесін дайындауға әлі уақыт бар», —деп түйіндеді ван Бинсберген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз