Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
8
USD
490
+1.25
EUR
534
+3.36
RUB
4.99
-0.02

COVID-19-дан емделіп шыққан адамдардың ағзасында өзгерістер болады – эпидемиолог-дәрігер

632

BBC News тұрақты негізде Брэдфордтағы (BRI)Корольдік лазареттің дәрәгері Джон Райттың бақылауының нәтижелерін жариялап отырады. Райт — медициналық тәжірибе жүргізетін профессор, жергілікті зерттеу институтын басқарады және Африка елдерінде тырысқақ, АҚТҚ және Эбола індеттерімен күреседі.

«Дәрігерлер пандемия басталғалы төрт ай өтсе де  жаңа ауруды зерттеуде. Жаңа коронавирус туралы іргелі білім базасы пайда болғанға дейін әлі бірақ уақыт керек.

Бірнеше ай бұрын емделіп шыққан адамдарда ауру белгілерінің сақталып,  өмірінің ажырамас бөлігіне айналғаны біз үшін соңғы тосын сый болды», — деп жазады доктор өзінің «Дәрігер күнделігі» атты мақалаларының бірінде.

Біз тек болжам жасаймыз

Біздің бұл вирус туралы білетініміз аз. Алдымен  респираторлық ауру деп ойладық. Бірақ кейін оның әрбір органға әсер ететіні белгілі болды. Біз инвазивті желдету мен ҚТБ-ны пайдаландық, бірақ ерте кезден оттегімен инвазивті емес желдету әдісі тиімдірек болып шықты.

Біз емделген пациенттерді шығарып салған кезде енді оларды бұл палаталарда көрмейміз деп ойладық. Дегенмен, ескі жаудың біз білмеген тұстары көп екен.

Неліктен елорда COVID-19-бен тиімді күрес тізімінің соңында қалып қойды — саясаттанушылардың пікірі

Ауырып қалған адамдардың ағзасында сақталып қалған өзгерістер туралы көбірек білудеміз. Тек ауруханада жатқандар ғана емес, сонымен қатар  әлсіз формада ауырып, үйде өз бетінше емделгендер де бұл туралы айтуда.

Олар қайталанатын, үнемі және бітпейтін симптомдардан зардап шегеді. Инфекциядан бірнеше ай бұрын емделіп шыққан адамдардың өзі бұрынғы өміріне қайта орала алмайды.

2003 жылғы эпидемияда Sars коронавирусын жұқтырған пациенттерге жүргізілген зерттеулерден сол кездегі науқастардың жартысына жуығы созылмалы шаршаудан немесе басқа да белгілерден зардап шеккенін білеміз. Сондықтан  Sars-CoV2 қатыгез вирусының да осындай жағымсыз салдарының болуы таңғаларлық жағдай емес.

Дұрыс тыныс ала алмаймын

Біз емделушілер мен жалпы тәжірибедегі дәрігерлерден түрлі хат алып тұрамыз. Кейбіреулері әлі де кеуде қуысының ауруы мен ентігу секілді бастапқы ауру нышандарынан айықпағанын айтады. Тек ауруханада тұрғандар ғана емес, сонымен қатар ауру әлсіз формада өткен және үйде өз бетінше емделгендер де бар.

Дәрігер Амира Валли былай деп жазады. Оның алғашқы белгілері қатты байқалмауы мүмкін— бас ауруы, тамақ ауруы, аздап температураның  көтерілуі. Бұл белгілер бір аптаға созылды, содан кейін тыныс алу қиындады. Ол үш ай бұрын емделіп шықты, бірақ әлі күнге дейін ентігуі кеткен жоқ.

«Мен үшін ең қиыны баспалдақпен көтерілу. Менің жүрек ырғағым 140-қа дейін барады. Өткен аптада тынысым тарылып, ұйықтай алмадым. Бұл жағдай үнемі қайталанады, осының бәрі әбден мезі етті».

Кеуде қуысының рентгенографиясы қалыпты, бірақ біз  қандай өзгерістің болғанын анықтауға тырысамыз.

Ми ақпаратты сақтаудан бас тартуда

Физиотерапевт Молли Уильямс өзі ниет білдіріп, ковид-науқастармен палаталарда жұмыс істеуде. Ол да Амира сияқты жұмыс барысында вирус жұқтырып алуы мүмкін. Жасөспірім кезінде элиталық гимнастшы болған ол қазір Ұлыбританияның CrossFit үздік 20 спортшыларының қатарына енген. Бірақ ол да Амира сияқты үш ай бұрын емделіп шыққанына қармастан ентігуден арыла алмаған.

«Қалыпты жағдайда жүрек соғу жиілігі 50 болған, ал қазір 90-ға жуық», — дейді ол. – Тіпті сөйлескен кезде де тынысым тарылады, аяғымның бұлшықеті шаршап, ал жүргенде пульсім 133-ке дейін артады».

Неліктен Қазақстан дәрі өндірісіне мемлекеттік басымдық бермеді?

Молли қазір депрессияға жиі ұшырайтынын айтады. Көбінесе көңіл күйі жоқ, еңсесі түскендей болады. Сонымен қатар, есте сақтау қабілеті де нашарлап кеткен.

«Мен кейбір нәрселерді ұмытып кетемін. Есімде қалуы үшін бірнеше рет қайталаймын, бірақ ақпарат сақталмайды. Сөздерді де ұмыта бастадым. Мен маңызды нәрселерді жазып жүретін  блокнот бастадым», — дейді ол.

Райттың айтуынша, ең қорқыныштысы

біз не болып жатқанын түсінбейміз. Емделушілердің бойында неліктен осындай проблемалар болатынын түсінбейміз

Вирус тестілер мен дәрілерге жауап бермейтін ағзадағы қандай да бір резервуарларда сақталуы да мүмкін. Сондықтан тұрақты белгілер байқалады. Эбола індеті кезінде ұқсас әсерлерді байқаған едік.

Кейбір пациенттер вирусты жұқтырып,  емдеу курсынан бірнеше апта өткеннен кейінгі тапсырған тестілері де вирустың ағзада бар екенін көрсеткен. Бұл вирустық РНҚ-ның қалдық фрагменттерін анықтайтын антигендік тестілеуге байланысты болуы мүмкін. Егер солай болса, онда бұл РНҚ фрагменттері иммундық жауапты ұзақ уақыт сақтап қалуы мүмкін, сол себепті де  тұрақты симптомдарды байқаймыз.

Қазірден бастау керек

Дәрігерлер мен зерттеушілер ретінде біздің міндетіміз — бұл ұзақ мерзімді әсерлердің себептері туралы көбірек білу. Содан соң вирустан кейінгі шаршағандықты үнемі сезінетін  пациенттерге көмектесетін емдеу әдістерін әзірлеу.

Қазір бұл зерттеу саласына аса назар аударылмауда, себебі жауап табу өте қиын. Дегенмен, Covid-19 вирусология саласындағы ғылым мен жаңалық үшін керемет катализатор болды. Біз ұзақ уақыт бойы Covid-тен емделіп, аман қалғандарды  бақылауымыз тиіс.  Бұл вирустың өзін ғана емес, сонымен қатар болашақта кездесетін белгісіз басқа ауруларда да түсінуге көмектеседі.

Райттың пікірімен оның әріптесі, Стэнли университетінің эпидемиология бөлімінің басшысы, профессор Карл Готич те келіседі. Ол CNN-ге берген түсініктемелерде коронавирустан кейінгі синдромдарды зерттеумен тығыз айналысу керек екенін атап өтті.

«Бүкіл әлем бойынша жаппай зерттеу жүргізбесек,  пандемияның салдары қандай болуы мүмкін екенін айту өте қиын. Егер вирус ағзаның жасушаларына гендік деңгейде енсе, одан кейінгі ұрпаққа қалай әсер ететінін болжағым да келмейді», —  деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз