Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі осыдан 1,5 жыл бұрын үкіметтен фармацевтика саласы бірінші кезектегі жобалар тізіміне енгізуді сұрады. Оны «Атамекен» ҰКП жобалық кеңсесіне бағыттады.
— Бүгінгі бүкіл әлемдік COVID-19 пандемиясының кесірінен сатып ала алмай отырған дәрілерді осыдан бір жарым жыл бұрын, Елбасы тапсырма берген кезде өндіре бастауға не кедергі болды?
— 2018 жылғы 5 қазанда Елбасы өз Жолдауында экспортқа бағытталған өңдеуші өнеркәсіпті қолдау қажеттігін нақты айтты. Халық тұтынатын тауарларды өндіретін кәсіпорындар басымдық алуы тиіс еді.
Халыққа не керек? Азық-түлік, дәрі-дәрмектер, киім, тұрмыстық тауарлар және гигиена құралдары. Осы заттармен қамтамасыз етуіміз керек
Осындай көзқарастағы пікір айтылып еді. 2018 жылғы 11 желтоқсанда қол жетімді кредиттеуге ұзақ мерзімді сауда өтімділігін қамтамасыз ету туралы Үкімет қаулысы пайда болды. Бұл «қарапайым заттардың экономикасы» болды, оған 600 млрд теңге бөлінді.
2019 жылдың 13 ақпанында мен Президент әкімшілігіне хат жазып, Елбасының тапсырмасы қалай болса солай іске асырылып жатқанын хабарладым.
«Қарапайым заттар экономикасындағы» басым өндірістердің тізіміне мүлдем керексіз артық салалар қосылды
Бақытымызға орай, жиһаз өндірісі мен ауылшаруашылығы да тізімге енді. Ең болмағанда осындай дұрыс шешім қабылданды. Бірақ
халық тұтынатын тауарларға курорттар мен люкс отельдер құрылысының қандай қатысы бар?
Алайда тізімге дәрі-дәрмек өндірісі енбей қалды.
— Сізге қандай жауап берді?
— Біздің хатымызды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жіберді. Ал олар кездесу өткізуге уәде берілді.
Ал нақты кездескен кезде, біздің Одақтың өкілідерін шағымданғаны үшін жазғырып, кінәләй бастады. Әдеттегі жағдай ғой
Қысқаша айтқанда, бізді «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы жанындағы жобалық кеңсеге бағыттады. Біз қандай өндірістердің қажет екенін негіздеп өтінім беруге тиіс едік. Бірақ олар не себепті тізбеге кабель өндірісі енгізіліп, дәрі-дәрмектер қосылмағанын сол күйінде түсіндіре алмады.
Ашық айтсам, медициналық бұйымдардың қандай да бір түрлері тізімге енгізілді. Бірақ онда дәрілердің орнына «медициналық орталықтарға арналған импорттық жабдықтар» болды.
— Олармен жұмыс істей алатын адам да табылмайды ғой
— Мүмкін табылатын да шығар. Бірақ бұның өндіріске не қатысы бар. Бұл таза импорт емес пе? Біз өзіміздің ақшамызды тапшы болған парацетамолдың өндірісіне емес, жеке клиникаларға импорттық жабдықтарды жеткізуге жұмсадық.
Ең қымбат клиникалардың кімге тиесілі екенін білсеңіздер, желдің қайдан соққанын түсіну қиын емес
Біздің наразылығымызда шек болмады. Бірақ жобалау кеңсесі де қарап отырмады. Уақыт өте келе қарапайым заттардың экономикасы тауарларының тізіміне тау-кен саласына арналған локомотивтер енді! Қазақстанның әр тұрғынының ауласында локомотив тұр емес пе! Кейін онда тракторларды да қосты. Олар барлық адамға қажет қой, дауласудың не керегі бар? Әйтпесе Нұр-Сұлтан ішінде тракторсыз қалай жүреді? Енді бұл тізімге автокөліктерді де енгізуге тырысты, мүмкін енгізіп те қойған шығар. Автомобиль құрастырушыларына субсидиялар, арзан несие беру және салықтан босату арқылы да қолдау көрсетілгені жеткілікті болмапты. Енді олар қарапайым нәрселердің экономикасында енгізілді. Бұл қарапайым заттардың экономикасы емес, күрделі, қымбат заттардың экономикасы болды.
Біз нақты кімнің ақша алғанына талдау жасадық. Жиһазшылар мен жеңілөнеркісіп теңізге тамған тамшыдай көмек алды. Бірақ «Риксос-Түркістан» және Ақтаудағы бес жұлдызды қонақ үйлер кең көлемде салынуда
Жалпы айтқанда халыққа қажетті заттарды өндіруден басқасының бәрі жасалды. Ал негізінде ұлттың өмірі мен денсаулығына аса қажетті дәрі-дәрмектерге басымдық берілуі керек еді.
Олар үнсіз қалып, ешнәрсені ұсынбай отырған өздерің кінәлісіңдер деп жауап берді. Бұл ақылға сыятын жауап па? Менің ойымша, егер біреу халық күнделікті тұтынбайтын тауар бойынша жоба ұсынса жалпы негізде кредиттеліп, жұмыс істесін. Болды.
Осындай бассыздықтың себебінен қазіргі жағдайға тап болдық. Адамдарға қонақ үйлер мен курорттар емес, дәрі-дәрмектер қажет. Бірақ дәрі-дәрмектер жоқ, қонақ үйлер бар.
— Ал біздің фармацевтикалық өндіріс ішкі тұтынуға жеткілікті болатын көлемді өндіруге қабілетті ме? Бұл оңай шаруа емес қой. Біз дәрі-дәрмектерді машиналар секілді шикізаттардан жинаймыз ғой. Ал оны жеткізуде белгілі бір қиындықтар да жоқ емес.
— Егер үкімет жұмыла кірісіп, ал Индустрия министрлігі дәрі-дәрмектерге басымдық берсе, Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл түрде «СҚ-Фармация» арқылы фармацевтика саласында ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасаса, өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің көп бөлігі қазірдің өзінде болар еді. Бірақ біз оны жасамадық.
Індеттің болатынын болжау қиын, бірақ бәрібір оған дайын болу керек болса, неге бір жарым жыл күтті?
Қазір осы тақырыпты көтергеніміз үшін бізге ренжитіндер болады.
Фармацевтикалық өндіріс өте күрделі екенін түсіну керек. Бұл біреудің зияткерлік меншігіндегі формулалар. Процесті нөлден ұйымдастыру үшін көп қаражат қажет. Денсаулық сақтау туралы заңнама соңғы өндірістің кез келген бір кезеңін Қазақстанда орындалуы мүмкіндік береді.
Егер елімізге шикізат әкеліп, одан дәрі-дәрмектер жасалса, онда шикізаттың уақтылы әкелінуі маңызды. Сонда біз дайын дәрі-дәрмектердің импортына тәуелсіз боламыз. Төтенше жағдай кезінде барлық елдер арасындағы әуе қатынасы тоқтатылды, біз екі ай бойы шикізат жеткізе алмадық.
Осылайша, әлемдегі вирусологиялық жағдайдың күтпеген сәтте ушығатынын ескере отырып, белгілі бір қор қалыптастыруымыз керек еді
Ақыр аяғында осы жағдайға тап болдық. Бұған бағаны реттеу, дәрі-дәрмекке қатысты дүрлігу, оларды тығып қойып пайда көру үшін жасырын сату әрекеттері де қосылды.